Шымкент қалалық мәслихаттың кезекті 26-сессиясында халық қалаулыларының арасына жік түсті. Күн тәртібіне өзгеріс енгіземіз деген депутаттардың ұсынысының соңы тартысқа ұласты. Депутат Нүридин Жарболов күн тәртібіндегі 10 мәселеге 11-ші етіп қалалық мәслихат хатшысының өкілеттігін тоқтату туралы ұсынысты енгізуді сұранды. Нәтижесінде депутатық корпус екіге бөлініп, ерегіс басталды.
Қалалық мәслихаттың кезекті 26-сессиясында депутаттар екі лагерьге бөлінді. Мәселе осыдан үш төрт ай бұрын басталған. Қалалық мәслихаттың 19 депутаты тұрақты комиссия құрамына өзгеріс енгізуді және мәслихат хатшысы Нұрлан Бекназаровтың хатшылық өкілеттігі тоқтатылсын деген хат жолдайты. Алайда бүгінгі сессияда хатшы берілген ұсыныстардың қолданыстағы заңдарға сай еместігін түсіндіргісі келді.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=1GHzum2YwFQ[/youtube]
Хатшының бұл уәжіне қанағатанбаса керек, депутат Бекайдар Төлегенов көтерілген мәселені созбалаңға салмай, бүгінгі сессияда нүкте қояйық деді. Тіпті, осы даудың төңірегінде болып жатқан келеңсіздіктерді жайып салды.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=O1tTANWCiLI[/youtube]
Осы тұста сессияны өткізіп жатқан төрағаның жауапты жиынға дайын еместігі де айтылды. Кезектен тыс шақырылған қалалық мәслихаттың 25-сессиясына төрағалық етуі тиіс болған Жомарт Омаров қасақана келмеді дейді халық қалаулылары. Оған қоса сол сессияны заңсыз деп табу туралы прокуратураға арыз түсірген.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=xWcqSeUAXa4[/youtube]
Осы арада депутаттардың бірі әріптестерін сабырға шақырды.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=PFE79JilBtE[/youtube]
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=4u8rZwoaLVY[/youtube]
Дегенмен, ушыққан айтыстың қорытындысы бойынша Жарболовтың ұсынысы дауысқа салынып, 5-ақ депутаттан қолдау тапты. Нәтижесінде қалалық мәслихаттың хатшысын орнынан алу және тұрақты комиссия мүшелерін алмастыру туралы бастама басталмай жатып, осылай аяқталды.