Елбасы келді. Мырзахметов орнында қалды

«Мен келсем болды жаман үйреніп қалғансыңдар, «әкімді ауыстырады» деп шығасыңдар. Жұмысын жақсы істеп жатқан адамды ауыстырудың қажеті не?!» деп ағынан жарылды облыс зиялыларымен болған кездесуде Елбасы

Әне келеді, міне келеді деп асыға күтіп жүрген Президент Нұрсұлтан Назарбаев дүйсенбі күні Шымкентке жұмыс сапарымен келді. Бір айта кететін нәрсе, жұрттың көкейінде жүрген «Елбасы келсе облыс басшысын ауыстырады екен» дейтін қаңқу сөздің бос әңгіме екенін дәлелдеп берді. Асқар Исабекұлын орынтағынан алған жоқ.

«Мен келсем болды жаман үйреніп қалғансыңдар, «әкімді ауыстырады» деп шығасыңдар. Жұмысын жақсы істеп жатқан адамды ауыстырудың қажеті не?!» деп ағынан жарылды облыс зиялыларымен болған кездесуде Елбасы
«Мен келсем болды жаман үйреніп қалғансыңдар, «әкімді ауыстырады» деп шығасыңдар. Жұмысын жақсы істеп жатқан адамды ауыстырудың қажеті не?!» деп ағынан жарылды облыс зиялыларымен болған кездесуде Елбасы

Атқарған шаруаларына қанағаттанған кейіп танытты. Мүмкін Президент кортежінде отырғанда екеуара сөйлесіп, айтатын сын-ескертпелерін айтқан да шығар, бірақ елдің көзінше сынап-мінеген жоқ. «Әкімдік міндетіңді атқара бер» деп батасын берді. «Мен келсем болды жаман үйреніп қалғансыңдар, «әкімді ауыстырады» деп шығасыңдар. Жұмысын жақсы істеп жатқан адамды ауыстырудың қажеті не?!» деп ағынан жарылды облыс зиялыларымен болған кездесуде Елбасы.

Елбасы жұмыс сапары барысында алдымен Шымкентте салынып жатқан жаңа әкімшілік-іскерлік орталығының құрылыс жұмыстарымен танысып, одан соң «ODDESSE Zentralasien» ЖШС-нің батырмалы насостар шығаратын зауытына ат басын тіреді.

Елбасы осы екі нысанды аралағаннан соң, Шымкент қаласындағы ең биік жерде орналасқан Бәйдібек би ескерткішіне тоқтады
Елбасы осы екі нысанды аралағаннан соң, Шымкент қаласындағы ең биік жерде орналасқан Бәйдібек би ескерткішіне тоқтады

Облыс орталығында жаңа әкімшілік-іскерлік орталығының құрылысын жүргізу жобасы Елбасының бұрнағы жылы ОҚО-ға келген кезіндегі «Шымкент елімізде үшінші қалаға айналуы тиіс» деген тапсырмасынан кейін басталған болатын. Жобаланған аумақтың архитектуралық-жоспарлау шешімі қаланың осы ауданында бірқатар қоғамдық ғимараттар мен оқу кешендерін орналастыра отырып, ірі сәулет ансамбльдерін құру қажеттілігінен туындаған.

Елбасыға әкімшілік орталық жайлы түсіндіріп берген облыс әкімі Асқар Мырзахметов мұнда жалпықалалық орталық алаң мен әкімдік ғимараты, облыстық мәслихат пен облыс әкімдігі басқармаларының кешені, жаяу жүргіншілер гүлзары салынатынын баяндап берді. Асқар Исабекұлының айтуынша, ұсынылған композициялық әдістер қаланың бас алаңының көлемін оңтайлы қалыптастыруға мүмкіндік беретін көрінеді. Алаң ансамблін облыстық драма театрының ғимараты, көпшілікке арналған облыстық орталық кітапхана, көрме кешені, «Түркістан» салтанат сарайы және әкімшілік ғимараттар сияқты, ірі нысандар толықтырмақ.

Елбасы жұмыс сапары барысында алдымен Шымкентте салынып жатқан жаңа әкімшілік-іскерлік орталығының құрылыс жұмыстарымен танысып, одан соң «ODDESSE Zentralasien» ЖШС-нің батырмалы насостар шығаратын зауытына ат басын тіреді
Елбасы жұмыс сапары барысында алдымен Шымкентте салынып жатқан жаңа әкімшілік-іскерлік орталығының құрылыс жұмыстарымен танысып, одан соң «ODDESSE Zentralasien» ЖШС-нің батырмалы насостар шығаратын зауытына ат басын тіреді

Сондай-ақ, облыс басшысы Елбасыға көпқабатты құрылыс орамдары эсплонаданың екі жағындағы тұрғын-үй массивтерін құрайтынын, магистралды және тұрғын-үй көшелерін, жекелеген сәулет тораптарының құрылысын қалыптастыратынын айтты. Бір айта кетерлігі көппәтерлі тұрғын-үйлердің кешенді құрылыстары мектепке дейінгі балалар мекемелерін, жалпы білім беру мектептерін, емханалар сияқты әлеуметтік маңызды нысандардың салынуын көздейді. Ірі сауда және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету нысандары бой көтереді. Қызмет көрсету нысандарын орналастыру үшін, соның ішінде магистралды көшелердің бойында орналасқан тұрғын үйлердің бірінші қабаттарын белсенді пайдалану көзделіп отыр екен.

Жобада композицияға табиғи факторларды және жергілікті жер бедерлерінің ерекшелігін ескере отырып, рекреациялық кеңістікті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген. Бұдан бөлек тасқын-су мен дренажды суларды ағызу үшін арналарды бекіту, жасанды су қоймалары құрылғыларын орнату көзделіпті. А.Мырзахметовтың айтуынша, жоба аясында салынып жатқан «Наурыз» алаңы келесі айда пайдалануға берілмек.

Елбасының келесі табан тіреген нысаны жоғарыда айтып өткеніміздей «ODDESSE Zentralasien» ЖШС болатын. Жылына 2500 дана батырмалы насос шығаратын бұл серіктестік қазақстандық «KARLSKRONA LC AB» ЖШС мен Германияның «Oddesse Pumpen und Motorenfabrik GmbH» компания-сының әріптестігі негізінде құрылған қазақ-герман өндіріс орны болып табылады. Озық инновациялық технологиямен жабдықталған кәсіпорын шығарған өнім әлемдік нарықта бәсекелестікке қабілетті болмақ.

Оңтүстіктің әлеуетін, кәсіпкерлікті жандандыру саласындағы атқарылған істерін айтып, облыс басшысына оң бағасын берді
Оңтүстіктің әлеуетін, кәсіпкерлікті жандандыру саласындағы атқарылған істерін айтып, облыс басшысына оң бағасын берді

Негізінде байқап қарасақ, бүгінгі таңда еліміз өзіне қажетті мұндай жабдықтарды шетелден 40 млрд теңгеге сатып алады екен. Ал бұл өндіріс орны сол қажеттіліктің 10%-ын өтей алады. Серіктестік басшылығының айтуынша зауыттың жалпы құны 12 млн еуроны құрайды және ол шығарған өніміне 5 жылға дейін кепілдік береді. Салыстырмалы түрде айтсақ, дәл сондай шетелдік зауыттардың өз өніміне берген кепілдігі 3 жылдан аспайды. Сондай-ақ, бұл компанияның өнімі елімізде қарқынды жүргізіліп жатқан ҮИИД «Ақбұлақ», «Су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы» секілді ірі жобаларды өз деңгейінде атқаруға үлкен көмек бермек.

Аталмыш серіктестік Германияда оңтүстікқазақстандық тұрғындардың ішінен білікті кадр-ларды оқытып, даярлаған. Және өндірістік, әкімшілік ғимараттарының құрылыс-монтаж жұмыстарын толық аяқтапты. Сонымен қатар бұл кәсіпорын алдағы уақытта испаниялық «Belgiscast» компания-сымен бірлесе тиек-реттемелі арматуралар, швейцариялық «Sulzer» концернімен бірлесе консольдік насостар өндірісін қолға алуды жос-парлауда. Компания басшылығының алдағы үш жыл ішінде 12 млн еуро көлемінде инвестиция тарту ойларында бар.

Елбасы осы екі нысанды аралағаннан соң, Шымкент қаласындағы ең биік жерде орналасқан Бәйдібек би ескерткішіне тоқтады. Баба ескерткішіне гүл шоғын қойып, тағзым етті. Елімізде жасалып жатқан игі істерді тізбелеп, Елбасы ескерткіш басында журналистер үшін аз-кем ақпарат берді. Оңтүстіктің әлеуетін, кәсіпкерлікті жандандыру саласындағы атқарылған істерін айтып, облыс басшысына оң бағасын берді.

Дәурен ӘБДІРАМАНОВ

Суреттерді түсірген автор және Хусан Азизов