Қазақстанға сырттан әкелінетін көліктерге қойылатын талап күшеймек. «Еуро-4» халықаралық және экологиялық стандартына сай бұдан былай шығарылғанына 7 жылдан асқан көліктер еліміздің аумағына кіргізілмейді. Кедендік бақылау департаментінің мамандары бұл жүйе қоршаған ортаның ластануы мен жол апаттарының алдын алады деп болжап отыр.
Сала мамандарының сөзіне сенсек, тұтынушылардың дені көне де болса шетелдік көлік мінуді жөн көретін сыңайлы. Жаңа тәртіп нарықтағы осынау сұранысты табыс көзіне айналдырып отырған бизнес өкілдеріне шектеу қоймақ. Ал шығарылған мерзімі көрсетілмеген темір тұлпарлар қатаң сараптамаламық тексерулерге жіберілетін болады. Кедендік бақылау департаментінің бөлім бастығы Ғалымжан Аязов кейбір көліктерде шығарылған жылы жазылмайтін, оның орына сызықша қойылатынын айтады. Бұл — көлік жылына сай емес деген сөз. Маман мұндай көліктердің арнайы сараптамада тексеріліп, сапасы сай деп танылмаса, кері қайтарылатынын ескертеді.