Сегіз кеденші істі болған

299
Жемқорлықты жою жолдары қарастырылды

Жергілікті кеден саласы жемқорлықтың жемсауына айналып барады. Тіпті, жаңа электронды декларациялау жүйесі де бұл саланы ескі дерттен арылтатын емес. Жыл басынан бері қызметін асыра пайдаланған 8 кеденшінің үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Жемқорлықты жою жолдары қарастырылды
Жемқорлықты жою жолдары қарастырылды

Оның үшеуі өзге құқық қорғау өкілдерімен сыбайласа отырып, заңсыздыққа жол берген. Бұл туралы жемқорлықтан арылу жолдарын қарастырған облыстық бақылау департаментінің консультативтік кеңесінде мәлім болды. Тараптардың бірі  шекара бойындағы келеңсіздікті жою үшін сала мамандарының жалақысын көтеруді ұсынса, ендігісі кадрларды таңдауда тыңғылықтық қажет дейді. Облыстық кедендік бақылау департаменті басшысының орынбасары Ербол Шынәділ, мамандарды таңдауда жариялылық пен ашықтықты сақтауды ұсынды. Оның ойынша, талапкердің өмірбаяны таза болуы тиіс. Комиссия осыған мән беруі қажет.