мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлердің қуанышында шек жоқ

«Даму» қоры мен «Delta Bank» бірлесіп, «Даму-көмек» бағдарламасы аясында мүгедек кәсіпкерлерді қолдауда. Соның нәтижесінде жалпы құны бір миллион теңгеге бағаланған құрал-жабдықтар «Delta Bank» акционерлік қоғамының араласуымена сатып алынып, мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге таратылды.

Оңтүстік Қазақстан бойынша І және ІІ топтағы мүгедектер Рахия Нұрпейсова, Ұлбике Медарова және Нағима Әбдіқадыроваға салтанатты түрде тігін машиналары тарту етілді. Бұл азаматшалар тігінші мамандығын алып, киім тігумен айналысуға бел буып отыр. Арнайы өтініштерін қанағаттандырған мемлекеттік бағдарламаға дән риза.

мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлердің қуанышында шек жоқ
Мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлердің қуанышында шек жоқ

Рахия Нұрпейсова: «Өтініш жаздық, арнайы оқыдық, сертификат алдық. Кәсіпкерліктің жолын үйрендік. Енді, міне, тігін машинасына қол жеткіздім. Әйелдердің жеңіл киімін тапсырыспен тігемін, алдағы уақытта сұранысты арттырамын деп отырмын. Қолдау көрсеткен кісілерге үлкен рахмет!»

Айта өтейік, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдаудың «Даму-Көмек» бағдарламасы үш жылдан бері жүзеге асырылып келеді.  Осы уақытқа дейін www.damu-komek.kz  сайтына мүгедек кәсіпкерлерден 1 180 өтініш келіп түскен. Оның 784-іне көмек беріліпті.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=qyXyTIqzStY[/youtube]