Мұғалім ақша үшін адам өлтірді

212
Фотосурет мұрағаттан алынды

Мұғалім адам өлтірді! Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері кісі өлтірді деген күдікпен Созақ ауданындағы мектептердің бірінде мұғалім болып істейтін азаматты ұстаған. Ол қазір уақытша тергеу абақтысына қамалып, тергеу жүргізілуде.

Фотосурет мұрағаттан алынды
Фотосурет мұрағаттан алынды

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, 17-қыркүйек күні Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындар қоңырау шалып, Тасты ауылы арқылы өтетін жол бойында бір адамның денесі жатқанын айтқан. Сол дереу жеткен тәртіп сақшылары марқұмның сол ауылдың 1965 жылы туылған тұрғыны екенін анықтаған. Шұғыл іздестіру жұмыстары барысында 1982 жылы туылған мұғалім ұсталып, ол өз кінәсын толықтай мойындады. Айтуынша, күдікті көлігімен келе жатып, өзіне алты мың теңге қарыз болған марқұмды көше бойынан көріп қалады.  Екеу ара әңгімеден жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан. Қатты ашуға булыққан ұстаз шамасы келмеген соң, марқұмның кеуде тұсына пышақ салады.