Мал ұрлығының дер кезінде ашылмауының басты себебі неде?

337
Фотосурет ғаламтордан алынды

Соңғы уақытта Оңтүстікте мал ұрлығы жиілеп кетті. Барымтаның бұған дейін де сирек кездеспейтіні жасырын емес. Дегенмен, соңғы уақытта әбден дәніккен ұрылар түйені — түгімен, биені жүгімен жұтуға көшкендей. Сөзімізге жалаң әрі қатаң сандарды жақсы көретін статистика дәлел болады.

Осы статистикаға сенсек, жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында мыңнан астам мал ұрлығы тіркелген. Қайталап айтайық, бұл — тіркелгені ғана. Ал сол қылмыстың ашылғаны бар-жоғы — 250. Облыстық ішкі істер департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының мамандары осылай деп отыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Ir_zAa_RRHE[/youtube]

Бұл мәліметтен ұққанымыз — кейде ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамына онға дейін ұрылар жиналады. Тәртіп сақшыларының айтуынша, олардың әрқайсысының белгілі бір атқаратын жұмысы бар. Яғни, бірі ұрланатын малды барлап, керекті мәліметті жинаса, енді бірі сол малды ұрлайды. Тағы бірі көлікті айдап, малды алысқа әкетеді. Енді бір топ ұрлықы малды сатумен айналысады. Айта кету керек, ұрлықы малды сатуға көмектескен адамдардың да сотты болған фактілері бар.

Ал кейде 2-ақ адамның мал ұрлайтын жағдайы кездеседі. Ұрлағанда үйірлеп ұрлайды. Осындай фактінің бірі жақында ашылды. Ағалы-інілі ордабасылық барымташылар 60 жылқыны ұрлап кеткен. Соның барлығын белгілі бір жерге апарып, сатып келіпті.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=TK5LS53e_64[/youtube]

Тергеу кезінде анық болғаны — ұрылар бұл қылмысқа мәжбүрліктен бардық дейді. Ағайындылардың үлкенінің ұлына шұғыл түрде ота жасау қажет болыпты. Ал ол отаны жасау үшін 650 мың теңге керек екен. Соны табу үшін алғашында жайылымда жүрген 17 жылқыны айдап әкетеді. Оларды сатып, қажетті ақшаны тапқан соң «Дәніккеннен құныққан жаман» дегеннің кері келіп, тоқтай алмаса керек. Тағы бірнеше ұрлық жасайды. Тек жылқы ұрлаған. Сөйтіп жүргенде қолдарына кісен салынады.

Жалпы, жоғарыдағы мәліметтен мал ұрлығының сирек ашылатынын байқауға болады. Мұның себебін тәртіп сақшылары былай деп түсіндіруде.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=A4Wu50ID5sI[/youtube]

Бұған дәлел ретінде Салтанат Қаракөзова жақында ғана Бәйдібек ауданында ашылған мал ұрлығын келтіреді. Сонда малы ұрланғанын байқаған қожайын дереу полицейлерге хабар берген. Тәртіп сақшылары ізбен жүріп отырып, Жамбыл облысынан бір-ақ шыққан. Ұрлықы мал осында сатылғалы жатқан жерінен табылыпты.