Түркістанда мал ұрлығының 10 фактісі анықталды

106

Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығының 10 фактісін ашты, оның сегізі бұрын жасалған. 50-ден астам мал заңды иелеріне қайтарылды.

Мысалы, жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары Бәйдібек ауданында малды заңсыз алып кеткен ұрыны ұстаған. Ауыл тұрғындарының бірі аудандық бөлімге мал жоғалғаны туралы арыз білдірген. Барымташының жайылымнан үш қой ұрлағаны анықталып, содан кейін оны сатып, ал ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсағаны белгілі болды.

Ал қараша айында Жетісу ауданының тұрғыны жалпы сомасы миллион теңгеден асатын төрт жылқының жайылымнан жоғалып кету фактісі бойынша полицияға жүгінген. Іздеу нәтижесінде полиция жоғалған жылқыларды тауып, заңды иесіне қайтарып берді.

«Қазіргі уақытта «мал ұрлығы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің жиналған материалдары заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Тәжірибе көрсеткендей, үй малдарының жоғалуы тек мал ұрлығының кінәсінен ғана емес, сонымен қатар малды еркін жаюға жіберіп, жануарлар өз бетінше шаруашылық орталығына немесе үйге оралады деп үміттенген ауыл тұрғындарының немқұрайлылығынан болады. «Мал ұрлығы» жедел алдын алу іс – шарасы кезінде тәртіп сақшылары үй малын 16 жергілікті тұрғынға қайтарды»,-дейді Түркістан облысдық полиция департаменті.

                                                                                              Әлихан Файзханов