Мазарат па, қала ма?

Шариғатта «мазарыстан жолға кедергісін келтірсе дұға оқып, басқа орынға көшіруге рұқсат» делінген
Облыстық орталық мешіттің наиб имамы Дастан Сүлейұлын
Облыстық орталық мешіттің наиб имамы Дастан Сүлейұлын

Пендешілікпен жасаған ісімізге ескерту жасағандай боп ауыл сыртындағы көп мола үнсіз мүлгиді. «Біз де сіздей болғанбыз…» дегенді ұқтырып тұрса да ұғып болмас тірлікке ұрыншақтай береміз. Қазақтың моласы іргесінде. Сол молалар бүгінде «шаһарға», «ғимараты биік қалаларға» айналғандай. Байқайсыз ба? «Кім бақуатты? Кім бай?» деген жарыс енді бейіт басын қарайтуда да өріс алған. Бірінен-бірі зор болғысы кеп, қайтыс болған туысының, ата-анасының, жұбайының бейітіне там салады. Там болғанда да «особняк». «Өлсем қасында жатуым керек» деп әлгі зәулім сарайдың айналасынына өз көріне жер алып қою, алдын-ала оны қоршап алу белең алды. Кімге ұзақ, кімге қысқа ғұмыр берерін бір Алла шешетінін ұмыттық.

Жаға ұстатар жайтты жақында ауыл іргесіндегі зиратқа барып көрдік. Зәреміз ұшып қайтты. Елге есімі белгілі азамат өз бейітінің басында биік тақта «отыр». Бағалы тастан қашалып жасалған ескерткіштің айналасы биік қорған. «Ауласына» кіріп кетуге рұқсат жоқ үй тәрізді. Қосымша жер- әлі о дүниелік бола қоймаған, жесірі-келіншегі үшін екен. Мола басындағы осындай ысырапшылдық пен дарақылық талқыға түсер тақырыпқа айналды. Ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін діндарлар, шариғатты жатқа білетіндер айтсын. Облыстық орталық мешіттің наиб имамы Дастан Сүлейұлын (суретте) сөзге тартқанымыз да сондықтан.

– Расында да соңғы кезде қайтыс болған азаматтың бейітінің басына биік там соғу, қымбат мәрмар тастан қашап еңселі ескерткіш орнату белең алып барады. Исламда өлгендерге үш жағдайда ғана пайдасы, шапағаты тиеді делінген.

1) артында ісі қалған болса;

2) жақсы амал жасау;

3) бала-шаға қалдырса, солардың ата-анасы үшін Алладан тілек тілеп, дұға қылса.

Бейіт басына «өзгелерден қаламыз ба» деп тыраштанып, ысырапшылдыққа жол беріп, зәулім сарай тұрғызғаннан гөрі, сол қаржыға қаншама жастарымыз баспанасыз, үй-күйсіз жүр, соларға пана болар баспана әперуге жұмсаған абзалырақ. Көмекке мұқтаж, денсаулығын түзетуге қаржы таппай отырған пенделерге қол ұшын созса, соның сауабы тиерін ұмытпаған жөн. Шариғатта ысырапшылдық мақұлданбайтынын, текке мал-мүлікті сарп ету, қаржыны босқа шашу құп көрілмейтінін ұмытпаған жөн.

– Бала күнімде көргенім апа-әжелеріміз маразаттың қасынан өткенде «Армаңыз» деп, иіліп сәлем беретін. Аталарымыз атынан түсіп, оң қолын көкірегіне қойып, иіліп «өлгендермен» амандасып өтетін. Осы күні зираттың қасынан өтіп бара жатып, бет сипасаң «ширк» дейтіндер алыстан емес, қасыңнан табыла кететін заман болды? Мұның қайсысы дұрыс?

– Мазараттың жанынан өткенде амандасқан абзал. Онда бір қауым тұрып жатыр. «Алла сіздерді кешірген болсын!» деп дұға етіп, бет сипаған дұрыс. Ал «ширк» дейтіндер уаһабизмнің негізін ұстанғандардың айтатын сөзі. Аллаға ғана табынып, әруақтарды Алла жебеп-жебеп жүрсінші деп тілеуден мен әбестік көріп тұрғаным жоқ.

Мазараттың жанынан өткенде амандасқан абзал. Онда бір қауым тұрып жатыр. «Алла сіздерді кешірген болсын!» деп дұға етіп, бет сипаған дұрыс. Ал «ширк» дейтіндер уаһабизмнің негізін ұстанғандардың айтатын сөзі. Аллаға ғана табынып, әруақтарды Алла жебеп-жебеп жүрсінші деп тілеуден мен әбестік көріп тұрғаным жоқ
Мазараттың жанынан өткенде амандасқан абзал. Онда бір қауым тұрып жатыр. «Алла сіздерді кешірген болсын!» деп дұға етіп, бет сипаған дұрыс. Ал «ширк» дейтіндер уаһабизмнің негізін ұстанғандардың айтатын сөзі. Аллаға ғана табынып, әруақтарды Алла жебеп-жебеп жүрсінші деп тілеуден мен әбестік көріп тұрғаным жоқ

Олар аруаққа сенбеңдер деп халықты шатастырып жүрген секілді. Қазақ халқы әу бастан бір Аллаға сыйынып, аруақты сыйлап келген. Бұл жерде сыйлау мен сиынуды шатастырмаған жөн. Әруақты сыйлама деп айтуға болмайды. Бұған мысал ретінде Мұхаммед (С.Ғ.С.) Анасы Әминаның зиратының басына жиі барып тұрғанын келтіруге болады. Мәдинедегі сахабалар жерленген «Жәннаты Бақиғ-ға да жиі баратыны айтылады дінімізде. Солардың басына барып Пайғамбарымыз (С.Ғ.С.) қабір азабынан сақта деп, дұға оқып қайтатынын да асыл дінімізден хабары бар адам жақсы білуі керек.

– Кейде жол бойындағы бейіттер мәселесі талқы таразысына түсетін жайттер бар. Белгі тас астында сүйектің болуы бір басқа да, тек «осы жерде жол-көлік апаты орын алып, содан қайтыс болып еді» деген ниеттен туған «ескерткіштер» қаншалықты қажеттілік? Көшенің көркін кетіріп, кез-келген жерді «бейтіке» айналдырмақ болған әрекетіміз құптала ма шариғатта?

– Жолды құрметтеу қажет. Ол жайында хадисте жақсы айтылады. Жолға шыққанда тіпті жаман сөз айтылмауы керек. Жол үстінде балағат сөз, ерсі қылық жасамаған дұрыс. Осы жағынан алғанда ЖОЛ мазараттан биік тұрады. Шариғатта «мазарыстан жолға кедергісін келтірсе дұға оқып, басқа орынға көшіруге рұқсат» делінген. Бұл жерде арулап сүйек жерленген мазараттарды айтып отыр. Олай болса, астында сүйек жоқ, белгі тастар жолдың көркіне, жолдың бағытына кедергісін келтірмеуі керек. Мұндай дау туындағанда жұртшылық оны дұрыс түсінеді деген үміттемін.

Шариғатта «мазарыстан жолға  кедергісін келтірсе дұға оқып, басқа орынға көшіруге рұқсат» делінген
Шариғатта «мазарыстан жолға кедергісін келтірсе дұға оқып, басқа орынға көшіруге рұқсат» делінген

– Мазараттың орнын тегістеу мәселесінде де кейде ел арасында түсінбестік туындайтыны бар…

– Негізінде қазақтың әрбір ұлағатты сөзі, бата-тілегі Құранға, шарихатқа негізделгендей. Мысалы, қазақ «Елу жылда ел жаңа» деп жатады. Мазарат та елу жылда жаңарады. Айналамыздың барлығы қабірстан болып кетпес үшін, 50 жыл бұрынғы мазараттың орнын қайта пайдалану өмір заңдылығы.

– Әңгімеңізге рахмет!

Түйін:

Ойланғанға өзек болар та-қырыпты ұсындық. Бейіт басын жекеменшігіміздей көрмей, ысырап-шылдыққа жол бермегеніміз абзал. Қымбат тас мүсін, зәулім там-сарай өлген жанға қуат бермесі анық. Дұға жасап, әруағына құран бағыштап, Алладан сын-сағатын жеңіл етуін тілеген абзал. Осыны ұмытпайық. Ал сіз не дейсіз? Қосар ойыңыз, пікіріңіз болса редакцияға хабарласуыңызға болады.

Сұхбаттасқан – Ж. ШАЛАБАЕВА