Бақилық болған атасын қабірден қазып аламын деген бала жұртты жылатты

4451

Атасының бейіт басына барған балақай жұртты жылатты. Оның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.

Бейнежазбаны балақайдың әкесі түсіріп алған болу керек. Ер кісі Нұрдәулет есімді бүлдіршіннен не істеп жатқанын сұрайды.

«Атаны тауып аламын… Атаны шығарамын»,-дейді көзіне жас алып, мазараттағы топырақты қазып жатқан бүлдіршін.

Әкесінің «қайтамыз болды» деген сөзін елемеген бала бір уақытта әрекетінің нәтижесіз болғанын түсінген болса керек, бейіттегі үйінді топырақтың үстіне шығып алып, «Ата» деп айқайлайды.

Видеодан балақаймен бірге бейіт басына тағы бір бүлдіршіннің барғанын байқауға болады. Кішкентай қыз марқұм болған адамның бейіт басына қойылған көктасты шаңнан сүртіп жатады.

Атасын сағынған титтей ғана баланың видеосын көрген желі қолданушылары көздеріне еріксіз жас келгенін жарыса жазды. Ал енді бірі кішкентай баланы мазаратқа алып баруға болмайтынын алға тартты.

«Немересін тастамай, көтеріп жүретін атаны осылай іздейді», «Өмір ғой, барлығымыздың баратын жеріміз осы жер», «Жаным-ау, бұны жалған өмір дейді. Жылама..», «Шіркін-ай, қайтқан адамды шығарып алсақ қанекей», «Мына видеоны көріп әбден жыладым», «Аллаһым, жаны жәннатта болсын», «Жүрегім ауырып кетті», «Жылататын видео екен», «Немерелерін баласынан артық көретін қазақтың тәрбиесі бөлек қой», «Жылағым келіп кетті», «Жүрегі таза періште ғой», «Жаным-ау, атасын іздеген. Қолынан келсе, тірілтіп алатын сияқты» деп жазды желі қолданушылары.

Видео қашан және қайда түсірілгені белгісіз.