Балар армандары мен тілектерін қамқоршыларына тапсыруда

Шымкенттегі №1 саңырау балалар мектеп-интернатының тәрбиеленушілері қамқорлыққа бөленді.  Есту қабілеті дамымаған азаматтар күніне орай Қауысбек Тұрысбеков атындағы қайырымдылық қоры оларға тарту-таралғы жасады.

Балар армандары мен тілектерін қамқоршыларына тапсыруда
Балар армандары мен тілектерін қамқоршыларына тапсыруда

Бұл мектеп-интернатта 200-ден аса бала тәрбие алады. Олардың құлақтары естімесе де, ән айтады, би де билейді. Бүлдіршіндер қонаққа келген қамқоршыларын өз өнерлерімен тәнті етті. Кештің соңында балалар өз армандары мен тілектерін жазып, арнайы жәшікке салды. Енді олардың тілегін қамқоршы аға-әпкелері орындауға тырысады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=4dOjMknmd0E[/youtube]