Бүгін Оңтүстікке мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен келді. Белгілі болғандай, Елбасы қаладағы бірнеше нысандарды аралады. Атап айтқанда Шымкенттің жаңа әкімшілік ғимараты мен қызметтік мәдени орталығының құрылысын байқап, облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысты.
Сапар барысында Нұрсұлтан Әбішұлы облыстың бірқатар активімен кездесіп, су сораптарын шығаратын зауыттың ашылуына қатысады деп күтілуде. Бұған қоса Президент Бәйдібек би ескерткішіне барады деген жоспар бар.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=2bBbdqovIDw[/youtube]