Отбасылар сайысқа түсті

Oтбасылық спорттық сайыс, мәнерлеп оқу, сурет салу сайыстарын қамтыған байқауға қаладағы көптеген отбасылар қатысты

«Отбасы күніне» арналған іс-шаралар қалалық жасөспірімдер орталығында да жалғасын тапты. Ұйымдастырушылар – Шымкент қалалық әкімдігі, «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының қалалық филиалы және отбасылық тәрбиелеу орталығы.

Oтбасылық спорттық сайыс, мәнерлеп оқу, сурет салу сайыстарын қамтыған байқауға қаладағы көптеген отбасылар қатысты
Oтбасылық спорттық сайыс, мәнерлеп оқу, сурет салу сайыстарын қамтыған байқауға қаладағы көптеген отбасылар қатысты

Отбасылық спорттық сайыс, мәнерлеп оқу, сурет салу сайыстарын қамтыған байқауға қаладағы көптеген отбасылар қатысты. Сондай-ақ, мектеп оқушыларының салған суреттерімен «Гүлді кілем» атты көрме жұмыстары да ұйымдастырылды. Отбасылық ансамбльдер ән шырқап, дарынды жастар өнерлерін көпшілікке паш етті. Сурет сайысында балалар тату-тәтті отбасы мүшелерінің суреттерін бейнелесе, спорттық сайыста отбасы мүшелері бірнеше тур бойынша бақ сынасты. Мұндағы мақсат – жеңіс емес, бастысы отбасылық ауызбіршілік пен ынтымақты қалыптастыру. Мұны қатысушылар да ұйымдастырушылар да жақсы біледі.

– Әрбір отбасы — мемлекетіміздің іргетасы. Біз де отбасымызбен бүгінгі байқауға атсалысып отырмыз. Мақсатымыз –осындай тәрбиелік мәні терең сайыстарға қатыса отырып, өсіп келе жатқан ұл-қыздарымызға жақсы тәлім-тәрбие беру, – дейді Нұрақовтар отбасы.

Гүлнұр СӘТБАЕВА