Спорт әлемі бір орында тұрған жоқ. Заманға сай жаттығу құралдары да өзгеруде. Қаламыздағы жарға өрмелеуге жаттығатын спорт залы біршама өзгеріске ұшыраған. Дегенмен, халықаралық стандартқа әлі де ілесе алмаймыз.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=OyVIviOowgE[/youtube]

Дегенмен, болашақ чемпиондар осы залда тәрбиеленуде. Ең қызығы, әлемде жылына жиырмаға жуық ірі додалар өтеді. Спортшылар тәжірибе жинақтау үшін соның басым бөлігіне қатысуы тиіс. Ал біздің жерлестеріміздің соның тек бір-екеуіне ғана бара алады. Соның өзінде жүлделі болып жүр. Қазіргі таңда басты мәселе — Оңтүстікте байрақты жарысты қай залда өткіземіз деген сауал жерлестеріміздің түн ұйқысын төрт бөледі.

 Владимир Селиванов, жарға өрмелеуден облыстың аға бапкері: «Оңтүстікте тек осы залда ғана жаттығуға болады. Әрине, жаңадан ашылған орта мектептерінде де жарға өрмелеуге жағдай жасалынып жатыр. Бүгінде еліміздің 12 облысында спорттың осы түрі жақсы дамыған. Уақыт өте келе құрал-саймандар да заман талабына сай өзгерген. Өкініштісі — Шымкентте жылдамдыққа жарысуға орын жоқ. Халықаралық федерацияның ұсынысы  бойынша жылдамдыққа жарысудан рекорд орнатылуы тиіс. Ал ол үшін бізге заманауи зал қажет. Ол үшін спорт залының биіктігі кемінде 16 метр болуы тиіс.»