Қолға түскен жеткіншектер

Шымкентте қолдарына қару алып, мектеп жағалап жүрген оқушылар ұсталды. Бұл әрекетті патрульді полицейлер анықтаған. Тәртіп сақшылары қаладағы мектептердің бірінің артында тұрған үш оқушыны байқайды. Олардың әрекеті көзге күдікті көрінген соң полицейлер оқушыларды ұстаған. Анық болғандай, оқушылардың бірінің қалтасынан тапанша табылды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=y9GrQVsGsB4[/youtube]

Оқушылар дереу Әл Фараби полиция бөліміне жеткізілді. Осындағы тергеушілер жедел тергеу барысында оқушылардың бірі «бұл тапаншаны таңертең мектепке келе жатқанда тауып алдық» деп жауап берді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=sXUYIJr0sHI[/youtube]

Қалай болғанда да қазір полицейлер тексеру амалдарын мұқият жүргізуде. Оқушылардың қолына қарудың қалай түскенін анықтау – маңызды. Айта кету керек, қолға түскендердің ең ересегі – нәбәрі 14 жаста. Қаладағы мектептердің бірінде, ортаңғы сыныптарда оқиды.

Қолға түскен жеткіншектер
Қолға түскен жеткіншектер