«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

35
фото ser-per.kz

Сауран ауданы аумағында атыс қаруы мен орын алатын қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ азаматтық және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара барысында полицейлер азаматтық, қызметтік қару иелерін тексеру жұмыстарын жүргізуде.
Осы орайда, азаматтарға қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау Қылмыстық кодекстің 287-бабы бойынша (5 жылға диін бас бостандығынан айыру) және ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы бойынша (25 АЕК мөлшерінде айыппұл ) әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз.
Заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар, егер олардың әрекеттерінде басқа қылмыстар болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.