Кеңес Одағы кезінен бері Шаумян көшесінің бойында орналасқан футбол алаңшасы қараусыз қалған. Тұрғындар талай жылдар бойы қалалық әкімдік пен спорт бөлімінің табалдырығын тоздырған еді. Ең сорақысы — стадионның қақ ортасына кәсіпкерлер жекеменшік дүкеннің құрылысын бастап та жіберген.
Алайда, жергілікті ақсақалдар сотқа дейін барып, спорт алаңын алып қалды. Билік өкілдері соңғы екі жылдың ішінде бұл алақандай жерді қалалық №7 футбол мектебінің еншісіне беруді дұрыс деп ұйғарып, бүгінде мұнда құрылыс басталып та кетті.
Нұрлан Орынбаев, қалалық №7 футбол мектебінің директоры: «Құрылыс басталды. Өкініштісі, тиісті стандартқа сай болмайын деп отыр. Алаңның көлемі 80:40 метр ғана болады. Дегенмен, тендерді жеңіп алған құрылыс компаниясымен ақылдаса отырып, алаңның ұзындығы мен енін тағы да ұзартуға тырысамыз. Бұл жерде спорт алаңшасының болғаны дұрыс. Өйткені, бұл шағынауданда спорт кешені атымен жоқ.»