Спорттың джиу-джитсу аталатын түрімен шымкенттіктердің шұғылдана бастағанына көп болған жоқ. Дегенмен, жастар арасында ел чемпиондарымыз баршылық. Ал жақында тағы бір жерлесіміз Азия чемпионатында үздік танылды.
Соңғы кезде қарқынды дамып келе жатқан спорттың осы түрінен жуырда ғана Азия чемпионаты өтті. Сол байрақты жарыста Арман Оспанов Қазақстан намысын қорғады. Ол Үндістанда өткен сайыста екі бірдей салмақта сынға түсті. 66 келіде чемпион атана салысымен, 73 келідегі спортшылар арасында да мықтылығын танытты. Сөйтіп, 10 елдің палуандарының арасынан топты жарып, облыс қоржынына екі алтын медальды салды.
Жалпы, Азия чемпионатына Қазақстан құрамасының сапында төрт палуан ел намысын жыртты. Нәтижесінде барлығы да жүлдесіз қайтқан жоқ. Үш отандасымыз чемпион атанып, тағы біреуі қоладан алқа тақты.
Уақыт өткен сайын джиу-джитсумен шұғылдануға ниет еткен жастардың қатары көбеюде. Бүгінде өздерінің федерациялары да бар. Енді жерлестеріміз кезекті додаға дайындалуда. Келесі айда Шымкентте джиу-джитсудан ел біріншілігі өтеді деп жоспарланған.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=RDNLLdAM9Kc[/youtube]