Конституция күні қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында салтанатты жиын өтті. Облыстық соттың төрағасы Н.Шәріпов пен облыстық сот кеңсесінің басшысы Орынбасар Лештай бірқатар сот қызметкерлеріне Конституция күні мерекесіне орай, Қазақстан Респуб-ликасы Судьялар Одағы мен ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының және өз аттарынан «Құрмет граматосы» мен «Алғыс хаттар» тапсырды.
Н.Шәріпов сот төрелігін жүзеге асырудағы табыстары үшін Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының судьясы С.Шыналиеваға «Үш би» Құрмет белгісін және Судьялар қоғамдастығының алдындағы белсенді қоғамдық және сот қызметі үшін ҚР Судьялар одағы Төрағасының «Судьялар одағының құрметті мүшесі» құрмет белгісімен, облыстық соттың судьялары Р.Қуандықова мен С.Жақсылықовты лауазымдық міндеттерін үлгілі, әрі адал орындағаны үшін Жоғарғы Сот Төрағасының үшінші дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін медалімен», Еңбекші аудандық сотының судьясы М.Жорабаевты және Жоғарғы Сот Төрағасының «Құрмет грамотасымен» мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А.Дербісованы, сот төрелігін іске асырудағы табыстары, сот қызметін ұйымдастыру мен жетілдірудегі елеулі жетістіктері үшін ҚР Судьялар одағы Төрағасының «Құрмет грамотасымен» Сайрам аудандық сотының төрағасы С.Тұрғынбаев пен әл-Фараби аудандық сотының судьясы Ш.Бийсимбиеваны және Судьялар қауымдастығындағы белсенді қоғамдық жұмысы үшін ҚР Судьялар одағы төрағасының «Алғыс хатымен» Шымкент қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Г.Қыдырбаева мен Шардара аудандық сотының судьясы Н.Биболовты марапаттады. Сонымен бірге, Конституция күні мерекесіне орай кеңсе жұмыстарын атқаруда өз қызметтік міндеттерін сапалы деңгейде мүлтіксіз атқарғаны үшін ұйымдастыру-талдау бөлімінің басшысы Е.Бегеновке облыстық сот төрағасының «Құрмет грамотасын» және сот төрелігін жүзеге асырудағы мінсіз, адал және мүлтіксіз қызметі үшін ОҚО соты төрағасының «Алғыс хатын» облыстық соттың судьясы А.Нәлібаевқа, Отырар аудандық сотының төрағасы Б.Дүйсебековке және персоналды басқару бөлімінің бас маманы М.Өмірбекке, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі П.Сафарбаеваға тапсырды.
Сот кеңсесінің басшысы О.Лештаев қызметтік міндеттерін үлгілі және сапалы орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі үшін облыстық сот кеңсесінің бақылау және құжат айналымы бөлімінің басшысы А.Орақбаеваны және кеңсенің бас мамандары Қ.Нұрманды, Н.Сарықұловты, С.Азаматты, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маманы Қ.Татаевты, Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының бас маманы Н.Тұрғынбаеваны «Құрмет грамотасымен», сондай-ақ, С.Баймұханованы, Ж.Қосалбаевты «Алғыс хатымен» марапаттады.
Жиын соңы концерттік бағдарламамен және одан әрі ардагерлерге арналған мерекелік дастарханмен жалғасты.
Қабыл ДҮЙСЕНБИ, ОҚО соты баспасөз орталығының жетекшісі