Асқақтай бер, айбынды Ата заңым!

41

Конституция күні Шымкентте кең көлемде атап өтілді. Айбынды ата Заңымыздың құрметіне шығармашылық ұжымдар тарихи-танымдық қойылымдар қойып, концерттік бағдарлама дайындаған. Шара барысында шырайлы Шымқаланың көркеюіне ат салысқан белсенділер қала әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

 

Түркістан сарайында ұйымдастырылған  салтанатты жиын  Конституция күніне арналған. Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері, республикалық маңызы бар қалалар қатарына енген Шымкенттің бүгінгі экономикалық-әлеуметтік жағдайы көңіл қуантады.

Мерекелік шарада тамылжытып ән шырқаған өнерпаздар көрермен көңілінен шықты. Салтанатты жиын барысында өңірдің дамуына ерекше үлес қосқан азаматтар марапатталды.

1Еңбегімді елегендері үшін алғысым шексіз. Қала әкімінің Алғыс хаты табысталды1,-дейді Фарида Әжіханова.

Конституция күніне орай шаһар аумағында тақырыптық көрмелер, балалар мен оқушылар үшін еліміздің Негізгі Заңының тарихы мен халық үшін маңызы туралы танымдық сағаттар өткізілді. Өзге іс-шаралардың ішінде халықтың, әсіресе жастардың құқықтық сауатын арттыруға бағытталған ҚР Конституциясының нормалары мен заңдарын білуге арналған зияткерлік байқаулар ұйымдастырылды.

Жалпы, Конституция күнін мерекелеуге арналған барлық іс-шаралар, қоғамның Тәуелсіздік құндылықтарының айналасына шоғырлануына, әрбір елжанды азаматтың жаңа Қазақстанды құру идеясына қатысу сезімін нығайтуға және қала халқының құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етеді.

Мақсат Рақмет, қала қонағы: «Шырайлы Шымкентте тамаша коцерттік бағдарлама өтіп жатыр. Не деген энергетика. Мен Ата заңымыз күнімен барлық шымкенттіктерді құттықтап, отбасыларына амандық, қала көркейе берсін деген тілек айтпақпын».

Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады.

Ал маңызы биік мерекелік шара соңы «Алашұлы» тобы, Шымкент қалалық мәдениет үйі өнерпаздары, «Қаратау» фольклорлық ансамблі, Опера және балет театрынаң симфониялық оркестрі және «Қазына» би ансамблінің қатысуымен қойылған концертке ұласты.