Зүбаржат- бірінші санатты бағалы тас. Ірі, мүкісі жоқ, қою түсті 5 каратты зүбаржат алмастан да бағалы. Зүбаржаттың сапасы оның түсінде және мөлдірлігінде. Табиғи зүбаржаттың жарықтары болады. Зүбаржат жасыл, сарғыш көк болып келеді. Қаттылығы 7,5-8.
Жұлдызнама (18.09-25.09)
Тоқты (21.03-20.04). Тасы: гауһар тас, лағыл.
Аптаның бірінші аптасы қолайсыз болмақ. Ашуға бой алдырып, қызметтестеріңізді ренжітіп алмаңыз. Дегенмен, аптаның екінші жартысы бірқалыпты өтпек. Махаббатта тұрақтылықты сақтағаныңыз жөн. Денсаулығыңызға немқұрайлы қарамаңыз.
Торпақ (21.04-21.05). Тасы: көгілдір ақық пен жақұт.
Бұл аптада жеке өміріңізде бірқатар өзгерістер орын алмақ. Сүйіктіңіздің көңіліне сызат түсірсеңіз, бірінші болып кешірім сұрағанның әбестігі жоқ. Апта барысында әрптестеріңізбен көңілді басқосудың сәті түсіп тұр.
Егіздер (22.05-21-06). Тасы: ақық, жақұт.
Бұл аптада Егіздер денсаулығына көңіл бөлген абзал. Апта барысында отбасы мүшелерімен немесе сүйіктіңізбен сөзге келіп қалуыңыз ықтимал. Достарыңыздың кеңесіне құлақ түріп жүргеніңіз жөн.
Шаян (22.06-23-07). Тасы: зүбаржат, інжу, сарғыш жасыл ақық, ай тасы.
Қаржыңызды үнемдеп жұмсамаңыз. Бұл аптада балаларыңыз бен жұбайыңызға қажетті бұйымдардың тізімін қысқартқаныңыз абзал. Қызмет бабында маңызды шешім қабалдамағаныңыз жөн. Демалыс күндері олжалы болмақсыз.
Арыстан (24.07-23.08). Тасы: зүбаржат, топаз, оливин, кәріптас.
Менмендіктен арылып, жақындарыңыздың кеңесіне құлақ түргеніңіз абзал. Аптаның екінші жартысында маңызды шешім қабылдап, қаржылық жағдайыңызды жақсартасыз. Демалыс күндері алыс сапарға шығуыңыз мүмкін.
Бикеш (24.08-23.09). Тасы: маржан, нефрит, ақық.
Жаңа бастамалардан бас тартқаныңыз жөн. Бұл аптада аса сақ болғаныңыз абзал. Қоғамдық орындарда ешкіммен таныспаңыз. Бейтаныс көлікке отырмаңыз. Қаржылық мәселеде достарыңыздан көмек сұрасаңыз ұтылмайсыз.
Таразы (24.09-23.10). Тасы: гауһар тас, жылтыр тас.
Бұл аптада Таразы белгісінде туылғандардың жеке өмірінде бірқатар өзгерістер орын алмақ. Аптаның бірінші жартысында көңілді басқосулар мен мерекелік кештерге бармағаныңыз абзал. Сүйіктіңізге көңіл бөлуді де ұмытпағайсыз.
Сарышаян (24.10-22.11). Тасы: жасыл ақық, лағыл, қызыл жақұт, маржан, анартас.
Аптаның бірінші жартысы қарбаласқа толы. Мойныңызға жүктелген міндетті атқара алмасаңыз ұнжырғаңыз түспесін. Аптаның екінші жартысында жіберілген қателіктерді түзетіп, басшылықтың көңілін марқайтып тастайсыз.
Мерген (23.11-21.12). Тасы: лағыл, күлгінтас, топаз, зүбаржат.
Билік өкілдерімен немесе заң органдарының қызметкерлерімен жаға ұстасып қалуыңыз ықтимал. Келеңсіз жәйт орын алмас үшін мамандар заң аясында жұмыс істеуге кеңес береді. Екінші жартыңызға көңіл бөліңіз.
Тауешкі (22.12-20.01). Тасы: қарақошқыл лағыл, қара қошқыл оникс, көгілдір малахит.
Аптаның бірінші жартысында нар тәуекелге бармағаныңыз жөн. Әйтпесе, қаражатыңыздан қағыласыз. Техникалық қауіпсіздікке аса мән беріп, оттан сақ болыңыз. Мамандар бұл аптада несие алмауға кеңес береді.
Суқұйғыш (21.01-19.02). Тасы: ақық, көгілдір ақық, жасыл ақық, жақұт, зүбаржат, күлгінтас, інжу, анартас.
Апта барысында екінші жартыңызбен сөзге келіп қалуыңыз мүмкін. Қызметте біршама шығынға ұшырайсыз.Маңызды шешімді бейсенбі не жұма күндері қабылдаңыз. Демалыс күндері достарыңызбен көңілді бас қосқаныңыз жөн.
Балықтар (20.02-20.03). Тасы: маржан, көгілдір ақық.
Бұл аптада ауыр жұмыс істемеңіз. Денсаулығыңызды күтіңіз. Майлы, ащы тағамдар мен газдалған сусынды ас мәзіріне қоспаңыз. Апта барысында қаржылық жағдайыңыз біршама жақсармақ.
Шымкент қаласы тұрғындары мен қонақтарының назарына!
«Қазақзергер» зергерлік бұйымдар салоны Ресей, Армения, Италия, Франция елдерінен әкелінген жоғары сапалы әшекей-бұйымдарды ұсынады. Тек «Қазақзергер» зергерлік бұйымдар салонында ғана жоғары сапалы әшекейлерді 20%-дық жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндігіңіз бар. Асығыңыздар!
Мекенжайы: М.Дулати көшесі, 9 үй.