«Қазақзергер» салонының клиенті лағыл тасты жүзік ұтып алды

467

«Қазақзергер» салонының қарапайым клиенті лағыл тасты жүзік ұтып алды. Зергерлік салонның Шымкенттік филиалында бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны өткізілді. Аталған іс шара «Қазақзергердің» 76 жылдық мерейтойына арнайы ұйымдастырылып отыр.

Шымкенттегі «Қазақзергер» зергерлік салоны жыл сайын қалалықтарға сыйлық үйлестіруді дәстүрге айналдырған. Бұл жолы да ұтыс лотореясының жүздеген қатысушыларының арасында бағалы зергерлік бұйымдары ойнатылды. Ұтыстар – 15 күміс, 5 алтын қымбат әшекей мен лағыл тасты жүзік.

Эльмира Бегманова, «Қазақзергер» АҚ Шымкент филиалының директоры: «Қазақзергердің» бас кеңсесі соңғы 10 жыл сайын осындай акция өткізуге мүмкіндік беріп келеді. Клиенттеріміз де біздің зергерлік салонымызға сеніммен қарайды. Бүгінгі іс-шараға қатысқандардың басым бөлігі – тұрақты клиенттер.»

Бағалы тас пен бағалы әшекейлердің арасында лотерея ұтысына қатысушылар әр жеңімпаздың есімін демдерін іштеріне тарта, ыждахатпен тыңдап күтті. Ал бағы жанып бағалы зергерлік бұйымға ие болғандардың жүздері бал-бұл жанды.

Сонымен, лотерея барабаны соңғы рет айналды. Лағыл тасты жүзікті қай жолы болғыш алады деген сұрақ қатысушылардың жүздерінен байқалды.

Басты сыйлық зейнеткер Римма Кондражкинаға бұйырды. Алқа сатып алам деген қария лағыл тасты жүзік ұтып алды. Қуанышында шек болмағаны айтпаса да түсінікті болар.

Римма Кондражкина, ұтыс иегері: «Мен бүгін бақыттымын! Мұндай сыйлықтан дәмелі де емес едім. Күтпеген жерден қымбат жүзікті сыйлыққа алдым! Рахмет саған, «Қазақзергер!»

«Қазақзергердің» басшылығы алдағы уақытта да осындай бағалы сыйлыққа бай акция өткізеді. Ендеше, қомақты сыйлыққа ие болғыңыз келсе, жаңа жыл мерекесінің қарсаңында «Қазақзергерге» асығыңыз.

Жанар Есенбекова