Таразда ушу-саньдадан Қазақстан Республикасының Кубогі өтті. Бұл додаға қатысқан Евгений Биевтің шәкірттері топты жарды. Екі жерлесіміз алтыннан алқа тағынды.
Нұрсұлтан Тұрсұнқұлов 75 келі салмақта сынға түсіп, қарсыластарының барлығын дерлік нокаутпен жеңген. Нәтижесінде жерлесіміз чемпион атанып, Әлем чемпионатына жолдамаға ие болды. Бұл дода байрақты жарысқа іріктеу болатын.
Нұрсұлтан Тұрсұнқұлов, ҚР Кубогінің иегері: «2013 жыл мен үшін сәтті өтуде. Бір жылдың ішінде екі бірдей доданың алтын медалін қоржыныма салдым. Енді Әлем чемпионатына дайындалудамын. Бұйыртса, ол жақтан да жүлде алып келсем деймін».
Ал әйелдер арасында 75 келіде Зилола Сұлтанқұлова да мықтылығын дәлелдей алды. Енді жерлестеріміз әлемдік аренада топты жару үшін жаттығуларын жалғастыруда.