Есәлі Мұрат Өсербайұлы
Есәлі Мұрат Өсербайұлы
Есәлі Мұрат Өсербайұлы

Есәлі Мұрат Өсербайұлы – Шымкенттегі Ыбырай Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияда ұстаздық етіп жүргеніне биыл қарашада 22 жыл болады. Бала десе мейірімі төгілген, өскелең ұрпаққа өнеге боларлық өнермен сусындатып жүрген ұстаздың еңбегі елеулі. Мұрат ағайдың сурет сабағынан оқушылар қалмауға тырысады екен. Әсіресе, қолданбалы өнер сабағында ағаштан ою оюды үйрететін ұстаздан дәріс алуға асығатындар аз емес.

Шымкенттегі Ыбырай Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияда ұстаздық етіп жүргеніне биыл қарашада 22 жыл болады
Шымкенттегі Ыбырай Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияда ұстаздық етіп жүргеніне биыл қарашада 22 жыл болады

Мұрат ағай 1950 жылы Шымкент қаласында туған. 1977 жылы Шымкент педагогикалық институтын «сызу, сурет, еңбек» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Ә.Қастеев атындағы көркемөнер колледжінен бастапты. Бұл оқу ордасында «кескіндеме өнері» пәнінен дәріс берген Мұрат Өсербайұлы бір жылдан кейін өзі оқыған Шымкент педагогикалық институтына шақырту алады. Институтта да көркемсурет саласы бойынша дәріс оқып, 1991 жылдың қарашасында №65 мектепке мұғалім болып ауысады.

«Бала оқытуды, шәкірт тәрбиелеуді жақсы көремін»
«Бала оқытуды, шәкірт тәрбиелеуді жақсы көремін»

 

«Бала оқытуды, шәкірт тәрбиелеуді жақсы көремін»,-дейді ұлағатты ұстаз ағынан жарылып. Ұстаздық еткен 46 жылында ҚР білім және ғылым министрлігінің алғыс хаттарымен, дипломдарымен марапатталған.

Жәнібек НҰРЫШ

Суретті түсірген автор