Сарыағаштық ұстаз «Үздік педагог-2023» атанды

23

 

Абдуманап Таспулатов – Сарыағаш ауданының №4 мамандандырылған  мектеп-интернатында  2007 жылдан бері қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып қызмет атқарады. Жоғары санатты, зияткерлік санаты педагог-шебер, жалпы 27 жыл, педагогикалық 25 жыл, оның ішінде осы мекемеде 15 жыл еңбек өтіліне ие  ұстаз.

2022-23 оқу жылының  қорытындысы бойынша мектепішілік конкурстың балл санын есептеу бойынша ең жоғары көрсеткішке ие болған Таспулатов Абдуманап Икрамович 2007 жылдан бері жыл сайынғы өткізілетін дәстүрлі «Жылдың үздік мұғалімі» байқауында 2010, 2012, 2018, 2019, 2022 жылдары  бас жүлдені иеленді.

Таспулатов Абдуманап Икрамовичтің негізгі жетістіктері:

«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісінің иегері;

«Қазақ әдебиеті: жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған. Мұғалімге арналған көмекші құрал» (оқу құралы) Астана: ЖШС «Самғай біл», 2015 жыл, «Қазақ әдебиеті: жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбына арналған. Мұғалімнің жұмыс дәптері, І-ІІ жартыжылдық» (оқу құралы) Астана: ЖШС «Самғай біл», 2015 жыл, «Қазақ әдебиеті: жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбына арналған. Мұғалімнің жұмыс дәптері, І-ІІ жартыжылдық» (оқу құралы) Астана: ЖШС «Самғай біл», 2015 жыл басылымдарының  авторы;

облыстық ауыл мектептері  мен  шағын  жинақты мектептердің білім сапасын арттыру,  білім алшақтықтарын жою мақсатындағы  жобалардың модераторы;

облыстық, республикалық деңгейдегі пәндік-әдістемелік журналдарға үнемі мақала жариялап, тәжірибелерімен бөлісіп отырады, авторлық бағдарламалар мен  Түркістан облыстық білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығының» хаттамалық келісімін алған шығармашылық, вариативті компоненттік курстардың авторы;

Мұғалімдер пән олимпиадасының 2023, 2013, 2009 жылғы облыстық кезеңінің жеңімпазы;

Білім алушыларын шығармашылық жұмыстарға терең баулып, соңғы 3 жылда облыстық деңгейде 38 рет, республикалық деңгейде 7 рет жалпы білім беретін пәндер бойынша  өткізілетін пән олимпиадалары мен ғылыми жоба байқауларында жүлделі орындарды иеленген;

Әр түрлі деңгейдегі шығармашылық-әдістемелік жұмыстары мен шәкірттеріне сапалы білім мен саналы тәрбие бергені үшін облыстық басқарма мен білім министрліктерінен алғыс хаттар мен «Құрмет грамоталарын» иеленіп келуде;

 

Республикалық деңгейде ұйымдастырылатын түрлі ғылыми- әдістемелік семинар, ғылыми-практикалық конференцияларға белсене қатысады.
Таспулатов Абдуманап Икрамовичтің педагогикалық,  шығармашылық  іс-тәжірибелері  ауыл мектептері жобасы аясында С.Торайғыров атындағы жалпы білім беретін мектепте, шағын жинақты мектептер арасында  облыс аумағындағы мектептерде, қалалық мектептерге таратылды.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің педагогтарға арналып ұйымдастырылған конкурста сарыағаштық ұстаз » Үздік  педагог – 2023″ атанды. Ұлы көшті соңынан ерткен ұлағатты ұстазды жетістігімен құттықтай отырып,  қашанда абырой биігінде болуын тілейміз!