Қазыбек би мен Мәделі қожа көшесінің қиылысында құбыр жарылды

283
су құбыры

Қазыбек би мен Мәделі қожа  көшелерінің қиылысында жарылған құбырдан су атқылап тұрғанына бірнеше күн болған. Қаладағы күре жолда аққан  суды  тоқтату үшін арнайы мамандарға да хабарласыпты. Бірақ жөндейтіндер ақауды жоюға асығар емес. Бұл орайда, құбырдағы ақаудың кесірінен далаға кеткен тіршілік нәрінің құнын монополист тұтынушыдан өндіріп алады, деп жұрт алаңдаулы.

Махтуба Салибекова, тұрғын : «Су арнасында ұят қалмады. 3-4 күн болды аққанына, телефон соқтық ешкім келіп жөндемеді».

су құбыры
су құбыры

Көпқабатты үйлердегі шығынды есепке алған үнемшіл сушылардың жеке секторға келгенде мұндай бейқамдық көрсеткені таң қалдырады.

Гүлзипа Мырзабаева ауызсу үшін қыркүйек айына келген түбіртектегі сомаға аң-таң. Маманның берген түсінігінен кейін ғана тұтынушы алдағы айға қарыз екендігін білді. Сөйтсе, оның артық төлеп отырғаны орақ құбырдан ағып кеткен судың ақысы екен.

Орынбек Әлімқұлов, «Су арнасы-Маркетинг»  ЖШС абоненттік бөлімнің бастығы: «»Импульс» суесептегіші  тұтынған судың  мөлшерін шығарады. Компьютерге айырмашылығы да түседі. Оны бүкіл үйдегі тұрғындарға шашамыз. Шығын үйдегі адамдардың санына  байланысты есептеледі».

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=P_hkjfZ2gpU[/youtube]

Ал Гүлмираға сушылар есептегіш құралын тексерту туралы ескерту жасаған. Оны дер кезінде ауыстырмағандықтан, бұл жолы тұтынған ауыз суына ортақ шығын ретінде төрт жүз теңгедей артық жазылыпты.

Сушылардың мәліметіне сүйенсек,  Шымкенттегі көпқабатты үйдің 90 пайызы кондоминиум нысаны ретінде әділет департаментінде тіркелген. Олай болса,  үйдің ішіндегі құбырлар мен құрылғылардың жұмысына үй иелері жауапты. Сондықтан су шығынын өтеу де тұтынушылардың мойнында.