Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға!

9960

«Отырар» телеарнасының «Ата-анасыз бір сағат» балалар бағдарламасының жүргізушісі, №87 жалпы орта мектебінің  6 Б сынып оқушысы  Боранбаев Ердос ұстаздар жайындағы тебіренісін қағазға түсіріп, редакциямызға әкелді. Соңында мұғалімдер жайында жазылған Ердостың өзінің өлең шумақтары да бар. Талапты да талантты Ердостың ақ тілегін, бала жүрегінен жарып шыққан ыстық лебізін жариялауды жөн көрдік.

«Ұстаз — ол балаға білім нәрін себетін, ақылын айтып, ілім үйрететін асыл жан. Ұстаздан аларымыз, үйренеріміз көп. Ұстаздың сөзін ұғыну — біздің міндетіміз. Абай атамыз айтқандай, «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, ұстаздың еңбегін бағалай білуіміз қажет. Ағарту майданында еңбегі сіңген олар — өмірлік ұстаздар. Маған да, басқа оқушыларға да білім беріп, математика пәніне деген ынтамызды арттырады. Менің сүйікті ұстазым, Сәуле Қуатбекова бізге математика пәнінен сабақ береді. Ұстазымыз 25 жылдан бері мектепте қызмет атқарады. Мектептің аса құрметті ұстазы. Бізге ұстаздық ақылын айтады. Сәуле ұстазымыздың жігерлі сөздерінен оқуға деген ынтамыз артады. Біз, оқушылар, сіздердің еңбектеріңіз үшін алғыс айтамыз» депті Ердос хатында.

Мектепке біздер барамыз,

Ұстаздан білім аламыз.

Оқу оқып, жалықпай,

Ғалым, ақын боламыз.

Ұстазды біз сыйлаймыз,

Айтқан сөзін тыңдаймыз.

Оқып егер, бітірсек,

Ұстазды біз қимаймыз,

-деп түйіндепті 6-шы сынып оқушысы Ердос Боранбаев ұстаздар жайындағы жан тебіренісін. Ұстаздар қауымын барлық шәкірттер атынан төл мерекесімен құттықтаймыз!