«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының құрылғанына бір жыл толды. Осыған орай акционерлік қоғамның облыстық филиалындағы кафедралар апталық күндерін өткізіп жатыр. Мақсат — қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарындағы жетістіктер мен проблемаларды ортаға салып, кемшін тұсты түзеу.
Педагогтар үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс үшін арнайы лектор бөлінсе, оқушылармен тең дәрежеде болу үшін заманауи техниканың тілін оқытатын қосымша курстар ашылса деген ұсыныстарын жеткізді.
Мәулен Мұсабеков, «Өрлеу» БАҰО АҚ кафедра меңгерушісі: «Жалпы, мекеменың аты «Өрлеу» деп өзгергеннен бері өзгерістер бар. Заман талабына сәйкес, енгізілген өзгерістердің барлығын лекторлар өз лекцияларына қосады. Дегенмен, бұл кісілердің ұсыныстарының бірі — практикалық сабақтарды гимназия мектептерінде және дарынды оқушыларға арналған мектептерде өткізу.»
Мұнан соң ұстаздар атаулы күнді тойлап, естелікке суретке түсті. Айта өтейік, «Өрлеу» білікті арттыру орталығы жыл сайын мыңнан аса ұстазды 5 модуль бойынша оқытып келеді.