25 ханның сүйегі жатқан пантеон

Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, Әзірет Сұлтанның ішіне жерленген хандардың, сұлтандар мен батыр, билердің саны 150-ден асып жығылады. Оның 20-дан астамы хандар
Яссауи бабаның
Яссауи бабаның

Қазақ халқының тұғырындай болған Түркістан шаһары өзінің маңыздылығын ешқашан жоймайтынына дәлел көп. Ең бастысы – мұнда күллі мұсылман қауымының ардақтыларының бірі Яссауи бабаның зираты жатыр. Одан өзге мемлекеттігіміздің нығаюына, ел болып қалыптасуына орасан зор септігі тиген атақты хандарымыз жерленген.

Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, Әзірет Сұлтанның ішіне жерленген хандардың, сұлтандар мен батыр, билердің саны 150-ден асып жығылады. Оның 20-дан астамы хандар. Жыл сайын зерттеле келе олардың қатары толыға түскенін байқаудамыз. Мәселен, осыдан бірнеше жыл бұрын Жәңгір ханның, Болат пен Бөкей ханның осында жерленгені дәлелденді.

Әзірет Сұлтанның ішіне жерленген хандардың, сұлтандар мен батыр, билердің саны 150-ден асып жығылады. Оның 20-дан астамы хандар. 

Негізінде ата-бабаларымыз Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің маңына жерлеуді рухани сабақтастықтың белгісі, ұлағатты өнеге деп санап келгендігі белгілі. Бұл дүниеде ынтымағы жарасқан Алаш баласының о дүниелік болған соң да Әзірет Сұлтанның қасына жерленіп, бір жерде жатуы кемелдікке жеткендіктің айқын көрінісі болатын. 1993 жылдан 6 жыл бойы жүргізілген реставрациялық жұмыстардан кейін шаһардың 1500 жылдық мерейтойынан бір жыл бұрын 1999 жылдың маусымында кіші Ақсарай бөлмесінен табылған мәйіттер қайта жерленген-ді. Олардың ішінде Жәңгір хан, Сәмеке, Жолбарыс, Әбілмәмбет, Тәуке, Абылай хан, т.б. бар.

Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, Әзірет Сұлтанның ішіне жерленген хандардың, сұлтандар мен батыр, билердің саны 150-ден асып жығылады. Оның 20-дан астамы хандар
Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, Әзірет Сұлтанның ішіне жерленген хандардың, сұлтандар мен батыр, билердің саны 150-ден асып жығылады. Оның 20-дан астамы хандар

Олардың ішінде Жәңгір хан, Сәмеке, Жолбарыс, Әбілмәмбет, Тәуке, Абылай хан, т.б. бар. 

Археологтар хан қабірлерінен тек қана Абылай ханның қабірі толығымен зерттелінгенін айтады. 70 жасында облысымыздағы Арыс өзені маңында қайтыс болған Абылай хан Ахмет Яссауи қабірханасының шығыс есігінің табылдырығының алдында, яғни оң жағына жерленген екен. Әзірет Сұлтанның оң босағасынан орын алу тарихта бұрын-соңды бірде-бір қазақ, не өзбек, не басқа ел билеушісіне бұйырмаған мәртебе болса керек. Тарихта осы орын ханның құрметіне Абылай хан бөлмесі деп аталған. Қабірінің басына «мәрмәрдай, асылдығы гауһарға ұқсас айна тас қойылған. Ханды жерлеу рәсімі салтанатты түрде атқарылған. Археологиялық және антропологиялық зертеулердің нәтижесі табылған адам қаңқасы Абылай ханға тиесілі екендігін дәлелдепті.

Тарихшы Мұхтар Қожа 1889 жылы Ташкентте жарық көрген Кенесарының ұлы Ахмет сұлтанның «Кенесары и Садық» деген кітабына сүйене отырып, Кенесары ханның әкесі Қасым сұлтанның және қарындасы Бопай ханшаның Абылай ханның қасына жерленгенін айтады. Бұл мәліметтер алдағы уақытта ғылыми айналымға еніп жатса, онда Әзірет Сұлтан кесенесінің ұлттық пантеон ретіндегі мәртебесі арта түсері анық.

Абылай ханның қабірі ғана толық зерттелген. Ол 70 жасында Арыс өзені маңында қайтыс болған. 

Тарихшылардың айтуынша, кесене маңы сонау ХV ғасырдың орта шенінен бастап ел басқарғандар мен билердің, айтулы батырлардың жерленетін басты қабірстанына айналған. Терминологиялық тілмен айтсақ, пантеонға айнала бастайды. Аты қазақ даласына мәшһүр жандардың денесі өз өсиеті бойынша қайда қайтыс болса да, денесі Түркістанға, Яссауи бабаның қасына жерленген. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Хазретәлі Тұрсынов: «Түркістанның пантеонға айналуы қайталанбайтын, әлем ха­лық­тарының тарихында өте сирек кездесетін оқиға»,-дейді.

Археологтар хан қабірлерінен тек қана Абылай ханның қабірі толығымен зерттелінгенін айтады
Археологтар хан қабірлерінен тек қана Абылай ханның қабірі толығымен зерттелінгенін айтады

Абылай хан Ахмет Яссауи қабірханасының шығыс есігінің табылдырығының алдында, яғни оң жағына жерленген екен.

1652 жылы Жәңгір хан, 1715 жылы Тәуке хан, сәл кейінірек Болат хан, 1780 жылы Абылай хан, 1740 жылы Ұлы жүздің ханы Жолбарыс, кейін көп ұзамай Орта жүздің хандары Сәмеке мен Әбілмәмбет және оның ұлы, сұлтан Әбілпейіс осында әкелініп жерленеді. Сонымен бірге Қаз дауысты Қазыбек би, Қан­жығалы Бөгенбай батыр да осында жатыр. Белгілі журналист Қуандық Оразбекұлының «Дала мен Қала» газетіне жазған мақаласында Дешті Қып­шақ ханы Әбілхайырдың әйелі, атақты Ұлықбектің қызы Рабия Сұлтан Бегім және Әбілхайыр ханның шөберелері Құл Мұ­хаммед сұлтан мен Мастура-хатунның да осында жер­ленгендігі айтылады. Сондай-ақ, бұдан кейін мұнда қайтыс болған қазақ хандары мен сұлтандары, ханшалары қойыла бастайды. Қазақ ханы Жәнібектің қызы Аманбике, белгілі тарихшы Қадырғали Жалайыри, Шығай ханның баласы Ұзыноқты Ондан сұлтанның сүйек­тері де осында қойылған.

Жалпы, Ахмет Яссауи кесене­сінде қазақтың 25 ханы мен сұлтандары, 26 билері мен абыздары, 49 батыры, 61 игі жақсылары жерленген деген дерек бар. Кезінде кесене маңындағы арнайы даярланған мазарларда ханда­рымыздың қасиетті сүйектері жерленген еді. Өкінішке орай, алмағайып замандарда сол мазарлар қиратылады. Бейіт­тердің басындағы құлпытастар кесене ішіне кіргізіледі. Байқап қарасаңыз, хандардың, батыр, билердің кесене маңына қалай жерленгені көне жырлар мен дастандарда көптеп кездеседі. Тарихшылар Түркістандағы осы Яссауи кесенесінде қазақтың 162 игі жақсысы жерленген деген бәтуаға келіп отырған сыңайлы. Зерттеу жұмыстары әрі қарай жүргізілуде екен. Бұл тізімнің алдағы уақытта толықпаса, азаймасы анық.

Дәурен ӘБДІРАМАНОВ