Таяуда Шымкент қаласы тағы бір жаңа нысанмен толықпақ. №6 кәсіптік колледж ғимаратының құрылысы аяқталуға жақын. Өткен жылы қыркүйек айында басталған құрылыс жұмыстарына қазынадан 260 миллион теңге бөлінген. Енді биыл қараша айында қолданысқа берілуі тиіс.
Колледждің директоры Қалима Қожамжарова қайнаған құрылыстың басына күн сайын келеді. Әрбір кірпіштің қалануынан бастап, сыныптың жасақталуын да бақылап жүр. Осы арнаулы оқу орнын 40 жылға жуық басқарған ұстаз студенттеріне колледжің жаңа ғимаратында білім беруді армандаумен келеді.
Қалима Қожамжарова, №6 кәсіптік колледждің директоры: «Физика кабинеті бізде болмаған, осы колледждің нысанында сол физика кабинеті жабдығымен болады деп жоспарлап отырмыз. Химия кабинеті де бұған дейін болған жоқ, ол да жоспарланып қойған. Бұған қоса бізде арнайы аспаздық кабинет те болған жоқ еді, сол кабинет осы жаңа ғимаратта болады делінген, соның барлығын біз күтіп жатырмыз.»
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=C3sEcreaKnw[/youtube]
Ал осы кәсіптік колледжің студенттері 1 жылдан бері бұрынғы жасөсріпімдерді уақытша бейімдеу орталағының ғимаратына жайғасқан. Бүгінде мұнда 617 студент 2 ауысымда білім алып жүр. Колледж студенттері еш жағдай жасалмаған ғимарат қолайсыздық тудырып жатқанын жасырған жоқ.
Береке Қосаева, №6 кәсіптік колледжің студенті: «Білікті маман етіп шығару үшін бізге арнап үлкен, жаңа ғимарат соғып жатыр екен. Әзірше осында оқып жатырмыз. Қолайсыздықтар кезедсіп тұрады, бірақ, білікті маман болып шығу үшін ештеңеге мойымай, оқуымызды жалғастыра береміз.»
Ал былтыр қыркүйекте басталған колледждің құрылыс жұмыстары қазір аяқталуға жақын. Мердігер компания басшысының айтуынша, бүгінде ғимарат салынып болған. Енді 300 орынды ғимаратқа еден төсеу мен әрлеу жұмыстары ғана қалыпты.
Мадияр Дауырбаев, «Перизат — 2030» ЖШС-нің директоры: «Барлық сыртқы жүйелер, жарық, жарықтың үлкен жүйелері, кәріз жүйесі, су құбыры, жылу құбырлары — бәрі дайын бізде, қосылып тұр. Шаруа кесте бойынша атқарылып жатыр. 30-қарашада тапсыруымыз керек, Құдай қаласа, сол 20-қарашаға дейін жұмысты 100 пайыз бітіріп, комиссия шақырып, тапсырамыз».