«Акбар» базары қайта ашылды

255

Шымкенттегі ірі сауда орындарынң бірі — «Акбар» базары өз жұмысын қайта жалғастырып жатыр. Еске сала кетейік,  бұл көтерме және бөлшек сауда орны 17-қыркүйек күні экономикалық соттың шешімімен жабылған болатын. Енді базар қайта ашылып отыр.

 Қалалық төтенше жағдай басқармасының мамандары өрт қауіпсіздігін сақтаудағы кемшіліктері үшін базарды уақытша жабу туралы сотқа талап-арыз берген еді. Сондай-ақ, «Евразия» аталып кеткен базардағы үш сауда орны анықталған кемшіліктерді жойып, жұмысын жалғастыру үшін өрт сөндірушілердің рұқсатын алыпты. Жалпы, Шымкент қаласы бойынша төтенше жағдай басқармасы 13 базардың жұмысын тоқтату туралы сотқа талап берген болатын.