Ауданда жер жетпей жатыр

Сайрам ауданының әкімі Уәлихан Қайназаров

Сайрам ауданының 2013 жылға арналған бюджеті 14 миллиард 390 миллион теңгеден асады. Ауданда 122 өнеркәсіп бар. Соңғы үш жылда өндірілген өнім көлемі 21,4 миллиард теңгеден 28,3 миллиард теңгеге жетіпті. Ауданда «Ақмал ЛТД» ЖШС, «Барыс-2000» ЖШС, «Сайрам сүт» ЖШС, кабельді электр сымдарын өндіретін мекеме бар.

Сайрам ауданының әкімі Уәлихан Қайназаров
Сайрам ауданының әкімі Уәлихан Қайназаров

Индустриаландыру картасына енген 12 жоба қаржыландырылып, салқындатылған қара және көк шәй сусындарын шығаратын «Юникс» ЖШС, сүт өнімдерін шығаратын «Айқан» серіктестігі және «Абдураимов» жеке кәсіпкерлігі жылыжай құрылысын аяқтаған. Ауданда ауылшаруашылығы саласында сыйымдылығы 1800 тоннаны құрайтын 22 жеміс-көкөніс сақтау қоймасы болса, биыл 600 тонна сақтауға мүмкіндік беретін тағы бір қойма салынды.

– Ауданда жер тапшы. Барлық жер алқабы игерілген. Алайда кемшіліктер де жоқ емес. Шаруалар тамшылатып суғару әдісін әлі де толық пайдаланбай келеді. Жалпы ауданда 9 айда 89 га жерге тамшылатып суғару әдісі ендіріліп, жылдық жоспар 11,1%-ға ғана орындалды, – дейді аудан әкімі Уәлихан Қайназаров.

Осы тұста облыс әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов өзге де дақылдарға көңіл бөлу жөнінде ұсынысын айтты. Бидайдан гөрі мал азығына қажетті дақылдарды егуді диқандарға үгіттеу жұмысын аудан әкімдігіне тапсырды. Өйткені сайрамдықтар шөпті, мал азығын өзге аудандардан тасиды.

Білім саласына тоқталсақ, ауданда мектепке дейінгі мекемелер саны 90-ға жеткен. 104 білім ошағының 64-і типтік үлгідегі мектептер болса, 40 мектеп ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан. Биыл 11 мектептің құрылыстары жүргізіліп, бүгінге дейін 5 мектеп пайдалануға берілген. Республикалық бюджет есебінен 3 мектеп, 1 балабақша салынған. Ақсукент ауылында 1200 оқушыға арналған мектеп, Жаңаталап ауылындағы 600 орындық Тәжібаев атындағы орта мектеп қыркүйек айында тапсырылды. Облыстық бюджеттен 2 мектептің құрылысы жүргізілуде. Олар – Қарасу ауыл округі Бескепе ауылындағы 250 оқушылық мектептің құрылысы. Бұл мақсатта 95 миллион теңге, аудандық бюджеттен 4,8 миллион теңге бөлінген.

Индустриаландыру картасына енген 12 жоба қаржыландырылып, салқындатылған қара және көк шәй сусындарын шығаратын  «Юникс» ЖШС, сүт өнімдерін шығаратын «Айқан» серіктестігі және «Абдураимов» жеке кәсіпкерлігі жылыжай құрылысын аяқтаған
Индустриаландыру картасына енген 12 жоба қаржыландырылып, салқындатылған қара және көк шәй сусындарын шығаратын «Юникс» ЖШС, сүт өнімдерін шығаратын «Айқан» серіктестігі және «Абдураимов» жеке кәсіпкерлігі жылыжай құрылысын аяқтаған

Ауданда газбен қамту бағытында да жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда 220 миллион теңгеге Қарабұлақ ауылында магистральді газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. Жол жөндеуге биыл аудандық бюджеттен 217,3 миллион теңге бөлініп, 17 көшеге, жалпы ұзындығы 21,8 шақырым жолға орташа дәрежелі жөндеу жүргізілді. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 190 миллион теңгеге 14 көше жөнделді. Қосымша 29 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарда бар. Бұл бағытқа 430,5 миллион теңге қарастырылуда.

– Аудан бойынша 73 елді мекеннің 54-не тәулігіне 24 сағат, 19 елді мекеннің 13-іне кестемен ауызсу беріледі. Бес елді мекен құдық суын, 1 елді мекен тасымал суын пайдаланып отыр. Биыл Ақсукент ауылын сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысы 4 кезеңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде, – дейді Сайрам ауданының әкімі Уәлихан Қайназаров. – Жұлдыз ауыл округіндегі Жалын ауылын сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысына облыстық және аудандық бюджеттен 227,9 миллион теңге қаралып, құрылыс жұмыстарын аяқтау қараша айына жоспарлануда. Бұдан бөлек, биыл аудандық бюджеттен 30,5 миллион теңге бөлініп, Қайнарбұлақ ауыл округіне қарасты Шіркін және Жібек жолы ауыл округіне қарасты Машат ауылдарының су құбырларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов 9 айда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша Сайрам ауданы әкімдігіне «қанағаттанарлық» деген баға берді. Жылдың аяқталуына қалған екі айда аудан әкімдігі облыс тарапынан берілген тапсырмаларды толығымен орындауы тиіс. Ауданға тамшылатып және жаңбырлатып суғару әдісін кеңінен пайдалану жөнінде ұсыныс та жасалды. Сонымен қатар, өзен жағалауындағы жерлерді жайылым ретінде тиімді пайдалану бойынша да тапсырма берілді.

Шынар ОРАЗОВА