Бюджетке қосымша 149, 6 миллиард теңге өндірілді

32
фото kgd.gov.kz

Кедендік әкімшілендіру шараларының арқасында  бюджетке қосымша 149,6 млрд теңге өндірілді. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Кедендік бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаев баяндады.

Айтуынша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша 4 трлн 81 млрд теңге мөлшерінде кедендік төлемдер мен салықтар түсті. 2021 жылмен салыстырғанда түсімдердің өсу қарқыны 78% ұлғайды.«Сондай-ақ, 2023 жылы экспорттық кедендік алымдарды есепке алмағанда кедендік төлемдер мен салықтар 2 400 млрд теңге түсті. 2021 жылмен салыстырғанда түсімдердің өсу қарқыны 92% өсті. Кедендік әкімшілендіру шаралары есебінен бюджетке қосымша 149,6 млрд теңге өндірілді», – деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Өткен жылы үшінші елдермен сыртқы тауар айналымы 111,3 млрд АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт 67,6 млрд доллар, импорт – 43,7 млрд АҚШ долларына жеткен. «Шетел ішінде ең жоғары тауар айналымы Қытаймен жүргізілген. ҚР мен ҚХР арасындағы тауар айналымы 2023 жылы 31,5 млрд доллар болды, оның ішінде экспорт 14,7 млрд доллар, импорт – 16,8 млрд доллар», – деді Е. Саудабаев.