Бұрынғы мектеп директоры 10 жылға сотталды

552

Оңтүстік Қазақстан облысында бұрынғы мектеп директоры пара бергені үшін 10 жылға сотталды. Бұл туралы экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі мәлімдеп отыр. Қаржы полиция мамандарының айтуынша, Байдалы Сламбеков өткен жылдың ақпан айында Астанада 50 мың АҚШ доллары көлемінде пара беріп жатқан жерінен қолға түскен.

 Бұл параны ол Білім және ғылым министрлігіндегі комитет төрағасының орынбасарына бермек болған көрінеді. Айыпты азамат осылайша Оңтүстік Қазақстан облысындағы шенді қызметтердің біріне тағайындалмақ болған. Сламбеков директор болып тұрған шағында да аса жақсы атпен есте қалмапты. Ол басқарған мектеп мұғалімдері директордың қол көтеретінін айтып, шағымданған болатын. Дегенмен, басшыларын сотқа берген ұстаздар қолдарында дәлелдері болса да сотта жеңіліп қалды.