Бәйдібек ауданының әкімінің парамен ұсталғаны расталды. Бұған дейін осы ауданда «Арасында әкімі бар бес лауазымды тұлғаны қаржы полициясы тұтқындады» деген қауесет тараған еді.
«Халық айтса, қалт айтпайды». Бүгін осы ақпаратты Оңтүстік Қазақстан облыстық экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің өкілдері растады.
Қаржы полициясы қызметкерлері Бәйдібек ауданының әкімінің жемқорлық қылмысқа қатысты тұтқындалғанын мәлімдеді. Алайда, толық мән-жай тергеу құпиялығына байланысты жарияланбай отыр.