Шардара балық зауытын қайта жасақтап, жаңарту жұмысы аяқталуға жақындады. Әбден тозығы жеткен өндіріске жаңа, заманауи балық өңдейтін құрал-жабдықтар сатып алынған. Мұның барлығы «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы қаржыландырылып отыр.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=4l5Em6ojBNs[/youtube]
Бүгінгі таңда жоба басшысы өз қаржысымен балық өңдеу қондырғыларын әкеліп, жаңарту жұмыстарын жүргізуде. Жобаның жалпы құны 182 миллион теңгені құрайды. Жылына мың тонна балық өңдейтін зауыт 100-ден астам шардаралықтарды жұмыспен қамтымақ. Оған қосымша қаладан индустрияландыру аймағы ашылды. Бұл бағдарламаның халықтың әлеуетін көтерудегі рөлі маңызды.