Ордабасыда балық шаруашылығы өркендеп келеді

25
фото ТОӨКҚ
Ордабасы ауданында балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер саны артып келеді. Аудан әкімі Азат Оралбаев Қажымұқан ауылындағы «ЭКО ФУД» ЖШС-ң жұмысымен танысып, аудан экономикасына өзіндік үлесін қосып жатқан шаруашылыққа алғысын білдірді.
Шаруашылықтың жалпы аумағы — 3,26 гектар. Оның ішінде 0,8 га жерге тоған қазылып, 15 мың бекіре шабағы жіберілген. Кәсіпорында жылына 1,4 млн сазан, 100 мың бекіре шабақтары өсіріледі. Аудан көлемінде аты танылып үлгерген шаруашылық басшысы Игорь Шаков келесі жылдан бастап өз өнімін сауда нарығына шығармақшы. Бүгінгі таңда жергілікті алты азаматты тұрақты жұмыспен қамтыған. Жақын күндері кәсіпкер су астын оттегімен қамтамасыз ететін арнайы құрылғылар орнатпақ.
Аудан әкімі Азат Оралбаев соңғы уақытта Ордабасы ауданында балық өсіру саласы кең өріс алып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, тәжірибелік тұрғыда және өзге де бағыттарда кәсіпкерлерге жергілікті әкімдік тарапынан тиісті деңгейде көмектер ұйымдастырылып жатқанын тілге тиек етті.