Бұдан былай қала базарларында орын алатын қылмыс саны кемиді. Сауда орындарының басшылары мен тәртіп сақшылары осылай деп сеніп отыр. Қоғамдық орындағы ұрлықтың азаюына базарларда орнатылатын бейне-бақылау камераларындағы жазбалар көмектеспек. Мұндай бастама былтыр Шымкенттегі білім ұяларында қолға алынған болатын. Ендігі кезек көпшілік жиі шоғырланатын орындарға да жетті.
Жаңалыққа алғаш болып үн қосқандардың бірі — «Айна» базарының басшылығы. Мұнда 18 жерге орнатылған бейнекамералар аумақтағы барлық жағдайды алақандағыдай бақылауға мүмкіндік береді. Сауда орнына келген тұтынушылар мен сатушылар, автотұрақтағы көліктер — бәрі-бәрі бақылауда.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=4mucK-EAehs[/youtube]
Бұл бейне-бақылау жүйесі учаскелік полицейлер үшін де тиімді болып отыр. Айтуларынша, қондырғы орнатылғалы бері өзгенің мүлкіне қол салатын сұғанақтар саны кеміген. Сауда орнында бейне-бақылаудың бар екенін білетін саудагерлер де қауіпсіздікті сезініп қалыпты.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=3yUrC_kcxJo[/youtube]
Бұдан бөлек «Айна» базарының басшылығы осында келіп-кетушілерге жағдай жасау мақсатында көлік тұрағының аумағын ұлғайтқан. Өрт сөндіру көлігінің кіріп-шығар жолы да кеңейіпті.