Шымкентте жарылыс ұйымдастырушылардың үстінен сот басталды. Бұл процесс облыстық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотта қаралуда. Бүгін судьялар бірнеше томды құрайтын іспен танысып шықты.
Сотталушы орындығында — үш күдікті. Оларға «Оңтүстік» шағынауданында (Чапаевка) жарылыс ұйымдастырған деген айып тағылып отыр. Еске сала кетейік, бұған дейін Чапаевкада бірнеше жарылыс болып, бірнеше адам зардап шеккен. Полиция қызметкерлерінің іздестіруі нәтижесінде 3 күдікті тұтқындалған болатын. Олар қолға түскен соң жарты жылдай уақыттан кейін осы елдімекенде тағы да жарылыс болып, жас келіншек жарақат алған еді. Тәртіп сақшылары осы жарылысқа бұған дейін қолға түскендердің сыбайластарының қатысы бар болуы мүмкін деген болжам айтты.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=PbfOE-weFy8[/youtube]