Күнгейдегі елді мекендердің ескі атаулары өзгеруі мүмкін

535

Ескі атаулардан арылу. Осы мақсатта  облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы облыс мәслихатының  мәдениет және әлеуметтік даму жөніндегі тұрақты комиссиясы мүшелерінің қарауына  елдімекендер мен мектептердің  атауларын өзгерту жөнінде ұсыныстарын берді. Бұл  –  тек ұсыныс.

Түлкібас, Сайрам, Сарыағаш аудандарындағы елді мекендердің тарихи идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларын, тарихи жер су атауларын өзгертуге байланысты ұсыныстар 2017 жылғы 22-ші желтоқсанындағы облыстық ономастикалық  комиссиясынан оң қорытынды алынған еді.

ОҚО әкімшілік аумақтық бірліктерінің аудандарын қайта атау жобасын Сайрам ауданы Ақсукент ауылдық округіндегі  Чапаев елді мекенін «Алаш» елді мекені, Ақсукент ауылдық округін «Бәйтерек» елді мекені, Сарыағаш ауданындағы Қапланбек ауылдық округін «Қабыланбек» елді мекені, Құркелес ауылдық округіндегі «Белый дом» елді мекенін «Ақ үй» елді мекені, Құркелес ауылдық округінің атауы жоқ елді мекеніне «Береке» елді мекені деп, Түлкібас ауданындағы Майлыкент ауылдық округінің Горький ауылын «Қарағашты» ауылы деп аталуы туралы ұсыныс ҚР президент әкімшілігінің 2017 жылғы  28-ші ақпанындағы №17 де 388,5 еліміздегі ономастикалық атауларды ретке келтіру және тарихи атауларды жаңғырту мақсатында идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды  тарихи жер су атауларына алмастыру бағытындағы тапсырмасы бойынша жүргізілді.

Бұл ұсыныстар  ҚР Әкімшілік аумақтық құрылыс туралы  ҚР 1993 жылғы 8 желтоқсанының  заңындағы 11-ші бабы 4-ші тармақшасына сәйкес ОҚО  мәслихатының шешімі жобасында  дайындалып, «Оңтүстік Қазақстан, «Южный Казахстан» газеттеріне және әкімдіктің сайтына жарияланды. Осы ұсынысты қабылдап, шешім шығаруларыңызды өтінеміз» деді баяндамашы, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқрамасының өкілі.

Депутаттар бұл мәселені  облыстық мәслихатының кезекті 24-ші сессиясының қарауына ұсынды.