«Гепатоцентр» медицина орталығы «А» вирустық гепатитіне қарсы егу шараларын бастады. Жекеменшік клиника бір айлық шара аясында 1400 азаматқа тегін вакцина егуді жоспарлап отыр.
Гепатиттің бұл түріне қарсы егу жұмыстары 2 жастан басталады. Бұл вакцинацияның ерекшелігі сол — жыл сайын жасалмайды. Бір екпенің жарамдылығы 20-30 жылға дейін жетеді.
Еркін Күлманбетов, гепатолог-дәрігер: «Гепатиттің «А» түрі — маусымдық дерт. Ол күз-қыс айларында белең алып, көбейе бастайды. Тағы да бір айта кетерлігі — әр 5-6 жылда қайталап отыруы мүмкін. Сондықтан біз көпшілікке «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеуге» кеңес береміз.»