Керекуден жылжымалы көрме келді

өткен ғасырлардан қалған естелік киімдер

Облыс тұрғындары енді Ертіс өңірінен табылған тарихи эскпонаттарды тамашалай алады. Повлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Кереку-Баянауыл қазыналарым» атты көрменің тұсауы кесіліп, облыс тұрғындарына өз есігін ашты.

өткен ғасырлардан қалған естелік киімдер
өткен ғасырлардан қалған естелік киімдер

300-дей жәдігермен толысқан көрмені археологиялық, этнографиялық, нумизматикалық фотосуреттер, құжаттар, өндірістік, және қару-жарақ жиынтықтары құрайды. Жылжымалы көрмені өңір тұрғындары облыстық музейде 1 ай бойына тамашалай алады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=hUQ0uUx7MPs[/youtube]

Олжас Боранбай, 9-сынып оқушысы: «Бұл музейден тарихи экспанаттарды көрдік.  Повладар қаласына барып көруге мүмкіндік тумас еді. «Тарихым-алтын бесігім демекші», бұдан алдын көптеген мәліметтер білетін едік. Маған ең қызығы «бастырық» болды. Ағаштан жасалған құралмен ата-бабаларымыз отқа қыздырыпкиімдерін үтіктеген екен».