Оңтүстікте тұңғыш Президент көрмесі ұйымдастырылды

Оңтүстікте тұңғыш Президент көрмесі ұйымдастырылды

Оңтүстік өңірі дегенде ел Президентінің ықыласы ерекше. Күнгейге іс-сапармен жиі келетін Нұрсұлтан Назарбаевтың әрбір ісі мен қадамы, оған тиесілі кез келген дүние құнды.

Оңтүстікте тұңғыш Президент көрмесі ұйымдастырылды

Облыстық тарихи өлкетану музейінде Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» акциясы аясында «Қазақстанның тұңғыш Президенті – Елбасының жаһандық бастамалары» атты көрме ұйымдастырылды. Елбасының өміріне үңіліп, оның тарихи жолын тануға бір қадам жақындатқан шара болды.

Оңтүстікте тұңғыш Президент көрмесі ұйымдастырылды

 

Облыстық тарихи музейдің төрінен том-том кітап орын алып тұр. Бұлар – Елбасының төл туындылары мен Президент туралы жазылған құнды дүниелер. Сонымен қатар Оңтүстікке іс-сапармен жиі келетін Нұрсұлтан Әбішұлының Түркістан қаласының халқына алғыс білдірген қолжазбасы да көрмеге қойылған. Елге сапарында Оңтүстік жұртшылығы сыйға тартқан Елбасы мен Сара Алпысқызының шапанын да жұртшылық қауым көре алады.

Оңтүстікте тұңғыш Президент көрмесі ұйымдастырылды

Нұрсұлтан Назарбаев – халықтың сеніміне, ыстық ықыласына бөленген Президент. Елді бастап, Қазақстанды әлем жұртшылығына таныта білді. Кез келген халықаралық істі бейбіт жолмен шешуге барын салып жүр. Елбасының халықаралық форумдарда, конференцияларда, әлем елдерінің көшбасшыларымен болған түрлі кездесулерде түскен фотосуреттері де соған куә. Көрмені тамашалауға келген оқушыларды да қызықтырған осы дүниелер.

Елбасының өмір тарихы мен қызмет жолын тануға бағытталған көрме әлі екі апта бойы жалғасады. Яғни күнгей халқының ұлт көшбасшысының сарабдал саясатымен де етене танысуға әлі де мүмкіндігі бар.