"НұрОтан" ХДП ОҚОФ-ның өкілдері ден арнайы қатысты

Мақтаарал ауданында «Нұр Отан» ХДП-ның жаңа ғимараты бой көтерді. Мекеменің құрылыс жұмыстары небәрі 2 ай бұрын басталған. Екі қабатты нысанға 100 миллион теңге жұмсалыпты. Бүгінде партияның аудандық филиалында 7 қызметкер жұмыс атқарады. Айта кетейік, Мақтаарал ауданында «НұрОтан» ХДП-ның бөлімшесі 2007 жылы ашылған. Ол кезде ауданда партияның 350 ғана мүшесі болса, қазіргі уақытта 11 мынан асып кетеді.

Салтанатты концерттік шара ұйымдастырылды
Салтанатты шарада концерт ұйымдастырылды

Әбдіманап Байдуллаев, «НұрОтан» ХДП Мақтаарал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары: «Бізде бүгінге дейін аудан әкімдігінің мәслихатымен бір ғимартта отырып келдік. Онда бар болғаны 5 бөлмеміз болды. Осыдан екі жыл бұрын қоғамдық қабылдауға келушілердің саны 65 адам болатын. Былтыр партияға шағымын айтып, келушілер қатары артты.»

Салтанатты лента қию рәсімі
Салтанатты лента қию рәсімі

Екі ай көлемінде бой көтерген «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының құрылысы асарлатып салыныпты. Яғни, ауданның кәсіпкерлері, депуттары мен мекемелер қаржылай көмек көрсеткен.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=vJun4zHgHwc[/youtube]