мекеменің сыртқы көрінісі

Облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма мамандары «ҚазақЖарылысөндіріс» мекемесінің Арыстағы бөлімшесінің жұмысын уақытша тоқтатты. Себебі өндіріс орнында еңбек қауіпсіздігі талаптары сақталмаған.

 

"ҚазақЖарылысӨндіріс" мекемесі
«ҚазақЖарылысӨндіріс» мекемесі

Ең бастысы, жұмыс орны бес жыл сайынғы міндетті аттестациядан өтпеген болып шықты. Яғни мекемедегі еңбек жағдайының талаптарға сәйкестігіне ешқандай кепілдік берілмеген. Оған жұмысшыларының еңбек қауіпсіздігі бойынша оқытылмағанын тағы қосыңыз. Жұмысшыларға берілуі тиіс құрал-жабдықтар, киім-кешектер де талапқа сай емес.

мекеменің сыртқы көрінісі
мекеменің сыртқы көрінісі

Ең сорақысы мекемедегі құрал-жабдықтар тексеруден өткізілмеген, талапқа сай орнатылмаған. Қауіпті жағдайдың алдын-алу шаралары жүргізілмеген. Жалпы мекемеде 147 адам жұмыс істесе, олардың өміріні сақтандырылған полистің мерзімі 28 тамызда аяқталған.

Бастар Есқараев, облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың басшысы: «Қауіпті жағдай орын алғанша мекеме жұмысын тоқтатып тұрғаны дұрыс. Тексеру барысында жоғарыда аталған заңбұзушылықтардан басқа 30 шақты тексеру құралдары болған, оның өзі бақылаудан өтпеген. Мұның өзі қолданыстағы заңдылыққа сәйкес келмейді».

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=dH5z3gZvCNk[/youtube]

Еске сала кетейік, осыдан төрт жыл бұрын, яғни «ҚазАрсенал» мекемесінінің Арыстағы бөлімшесінде қайғылы оқиға орын алған болатын. Ол кезде де оқ дәрі залалсыздандыратын мекемеде қауіпсіздік ережелері сақталмай, арты адам өліміне алып келген еді. Жарылыстың салдарынан 5 адам қаза болып, 28 қызметкер әртүрлі дене жарақаттарын алды. Апат салдарынан мемлекетке 97 милион теңгеден астам шығын келтірілген.

 

Арыс қаласы. 2009 жыл. "ҚазАрсенал" мекемесіндегі апат
Арыс қаласы. 2009 жыл. «ҚазАрсенал» мекемесіндегі апат

 

Арыс қаласының тұрғындарына үш миллионға жуық теңге материалдық залал келген еді. Кейіннен осы жарылысқа кінәлі деп танылған бір топ басшылар мен жауапты мамандар алды 4 жыл бас бостандығынан айрылса, арты 2 жыл шартты жазаға сотталған болатын .