Арыстағы жарылыс: Ішкі істер министрлігі тергеуге қатысты ақпарат берді

194
фото sputniknews.kz

Ішкі істер вице-министрі Рашид Жақыпов «сараптамалардың қорытындысы шықты, барлығы қылмыстық іске енгізілді» дейді

Арыстың әскери бөліміндегі жарылыстарға қатысты қылмыстық істі тергеу шаралары аяқталуға жақын қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ішкі істер вице-министрі Рашид Жақыповтың айтуынша, сараптамалардың қорытындысы бар, барлығы қылмыстық іске енгізілді.

«Қазіргі кезде қылмыстық істі тергеу аяқталуға жақын. Әзірше кімді жауапқа тартып жатырмыз? Қандай кінә артып отырмыз? Ондай детальдарды айтып бере алмаймыз. Себебі «алдын ала тергеудің құпиясы» деген түсінік бар. Желтоқсан айында істі аяқтаймыз деп ойлаймын. Сөйтіп, барлық материалды сотқа жібереміз», – деді Жақыпов

Оның сөзіне қарағанда, сотта қылмыстық іске қатысты барлық мәліметтер жарияланады.

«Сот ашық немесе жабық үлгіде өтуі мүмкін. Дегенмен үкім жарияланғанда бәрі ашық айтылады», – деп атап көрсетті Жақыпов.