Отандастарымыз Құрбан айтында үш күн демалады

301

Қазақстандар қасиетті Құрбан айты мерекесінде 3 күн демалады. Үкімет басшысы демалыс күнін 2013 жылдың 12-қазанынан 14-қазанына ауыстыру туралы қаулыға қол қойды. Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайтында хабарланған.

 «Жұмысшылар мен қызметкерлердің демалысна қолайлы жағдай жасау және 2013 жылғы қазандағы жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында премьер-министр Серік Ахметов демалыс күнін 2013 жылғы 12-қазан — сенбіден 14-қазан — дүйсенбіге ауыстыру туралы Үкімет қаулысына қол қойды» делінген хабарламада.

Қаулыға сәйкес қажетті өнім шығару, қаржы қызметтерін қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ, құрылыс нысандарын іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2013 жылғы 14-қазанда жұмыс жүргізуге құқық беріледі.