«Сәтті қадам» жобасы жүзеге аспақ

495
"Сәтті қадам" жобасы ел аумағында алғаш рет қолға алынып отыр

«Сәтті қадам». Шымкентте осындай тақырыпта жаңа жоба қолға алынбақ. Ел аумағында алғаш рет ұйымдастырылып отырған шараға 29 жасқа дейінгі үміткерлердің қатысуға мүмкіндігі бар. Басты талап — маманның белсенділігі мен жоғарғы оқу орнын тәмамдағынын растайтын дипломының болуы.

"Сәтті қадам" жобасы ел аумағында алғаш рет қолға алынып отыр
«Сәтті қадам» жобасы алғаш рет қолға алынып отыр

Ал айтулы іріктеуден өткендер ірі өндірістік және ұлттық компанияларда қызмет ету үшін жолдамаға ие болады. Осылайша 3 ай көлемінде тәжірибе жинақтайтын жас маман өзінің білімі мен қабілетін дәлелдей алса, ұлттық компаниялардың қызметкері болып жұмысын жалғастыра алады. Айта кетейік, аталған жобаға құжат қабылдау үстіміздегі жылдың 9-қарашасына дейін жалғасады деп белгіленіп отыр.

Жандос Қалтаев жобаны таныстырды
Жандос Қалтаев жобаны таныстырды

Жандос Қалтаев, «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы: «Бұл жобаға қатысуға мың адам келсе, оның барлығын жұмысқа тұрғызу бізге мақсат емес. Біз жұмыс тауып береміз деп те уәде бере алмаймыз. Мұны ашық айтамыз. Бірақ, бүгінгі мақсат — біріншіден, тәжірибе жинау. Екіншіден, өзі таңдаған мекемеде қызмет етуге деген үлкен мүмкіндік. Осы ғана. Бізде бұрынғыдай сан қуаламаймыз. Нақты бір адам болса да осы жоба бойынша жұмысқа тұрса — соның өзі үлкен жетістік.»

[youtube]http://youtu.be/eTuzJadUnfE[/youtube]