«Педагогикалық дуэт» жобасы – жас маманға қолдау

103

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев пен Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов 2023-2029 жылдарға арналған «Жол картасы» бағдарламасын бекіткен болатын. Соның негізінде, «Педагогикалық дуэт» жобасы аясында жуырда Шымкент қалалық білім басқармасы мен «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институты» және бірлескен іс-шара «Lesson study сабақты зерттеу: Кәсіби даму, тәжірибе, сапалы білім» тақырыбында онлайн республикалық семинар өткізілді.

Мемлекет басшысының білім саласын дамытып, білім сапасын арттыру жөніндегі тапсырмасына сай аталмыш бағыттағы жұмыстар қарқынды түрде жүргізілуде. Осыған орай ұстаздардың білімін жетілдіруге бағытталған түрлі семинарлар ұйымдастырылуда.

Жас педагогтердің қызметін әдістемелік сүйемелдеу, білім беру процесінің сапасын арттыруға бағытталған өзін-өзі дамыту, тәлімгерлік негізінде мұғалімдердің өсуінің тиімді моделін дайындау және таратуды мақсат еткен жобаны іске асыру барысында «Lesson study» сабақты зерттеу технологиясын білім беру саласында кедергілер мен кемшіліктерді анықтау арқылы оқыту мен оқуды жақсарту жолындағы жұмыстарды жетілдіру бойынша республика көлемінде онлайн форматта құнды баяндамалар оқылып, Шымкент қаласы №86 ЖОББМ базасында тәжірибе мен теория ұштасты.
Қатысушылар теория мен тәжірибе ұштасқан сабақтарға толық қатысып, жан-жақты SWOD талқылаулар жасады. Сонымен қатар, бүгінгі іс-шараның дер кезінде, жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, мұғалімдердің қажеттілігін өтеуде, сабақты зерттеу тәжірибелерін, кәсіби шеберліктерін жетілдіруде өте үлкен көмек болғанына ерекше ықыластарын білдірді.
Аталған бағыттағы семинарлар алдағы уақытта да көптеп ұйымдастырылатын болады.