«Сәтті қадам». Шымкентте осындай тақырыпта жаңа жоба қолға алынбақ. Ел аумағында алғаш рет ұйымдастырылып отырған шараға 29 жасқа дейінгі үміткерлердің қатысуға мүмкіндігі бар. Басты талап — маманның белсенділігі мен жоғарғы оқу орнын тәмамдағынын растайтын дипломының болуы.
Ал айтулы іріктеуден өткендер ірі өндірістік және ұлттық компанияларда қызмет ету үшін жолдамаға ие болады. Осылайша 3 ай көлемінде тәжірибе жинақтайтын жас маман өзінің білімі мен қабілетін дәлелдей алса, ұлттық компаниялардың қызметкері болып жұмысын жалғастыра алады. Айта кетейік, аталған жобаға құжат қабылдау үстіміздегі жылдың 9-қарашасына дейін жалғасады деп белгіленіп отыр.
Жандос Қалтаев, «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы: «Бұл жобаға қатысуға мың адам келсе, оның барлығын жұмысқа тұрғызу бізге мақсат емес. Біз жұмыс тауып береміз деп те уәде бере алмаймыз. Мұны ашық айтамыз. Бірақ, бүгінгі мақсат — біріншіден, тәжірибе жинау. Екіншіден, өзі таңдаған мекемеде қызмет етуге деген үлкен мүмкіндік. Осы ғана. Бізде бұрынғыдай сан қуаламаймыз. Нақты бір адам болса да осы жоба бойынша жұмысқа тұрса — соның өзі үлкен жетістік.»
[youtube]http://youtu.be/eTuzJadUnfE[/youtube]